Қалтаға түскені үшін…

Жаңа жылдың алғашқы күні қостанайлық тәртіп сақшылары бөгденің қалтасына түскен ұрыны құрықтады.
m-00027508-a-00005544Облыстық ішкі істер департаментінің баспаөз өкілінің мәлімдеуінше, облыс орталығындағы темір жол  вакзалының маңында 20 жасар тұрғынды тонаған күдіктіні қолға түсірді.  Басқа біреудің қалтасына түсіп, оңай олжаға кенелмек болған күдікті 19 жасар жас жігіт болып шықты. Ол жәбірленушінің қалтасындағы  әмянанын алып қойған. Сол мезетте оның ішінде банк карточкасы , жеке куәлік, 10 мың теңге  және Қарағанды қаласына дейін темір жол билеті болыпты.  Оқиға болған жерде тексеру жұмыстарын жүргізген полицейлер ұрыны көп ұзамай қолға түсірді. Оған  енді ғана қолданысқа енген Қылмыстық кодекстің    188 бабы   1 бөлімі бойынша іс қозғалды
 
Мешіт  Ғазиз

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓