Абайлаңыз – алаяқ!

Облыстық прокуратураның ұйымдастыруымен алаяқтыққа қатысты қылмыстық құқықбұзушылықтардың 2015 жылдың сегіз айы бойынша  анализі жасалды. Бұл туралы аталған мекеменің баспасөз қызметі хабарлайды.
Соңғы сегіз айда облыс аумағында 1267 алаяқтық тіркелген. Бұл 18554 қылмыстық құқықбұзушылықтардың жеті пайызын құрайды. Анализ көрсетіп отырғандай, алаяқтықтың ең көп етек алған түрлері – қарызға ақша алып, алдап, қайтармай кету (176 оқиға), телефонмен алдап-арбау (105 оқиға), сондай-ақ жат телефонын бір сәтке қоңырау шалуға сұраған болып, көзбе-көз тайып тұру (76 оқиға).Мошенничество-с-памм-счетами
Қаскүнем кісәпірлердің оңай олжасына айналатындар – құқықтық білімінің деңгейі төмен азаматтар. Алаяқтардың көбіне-көп қолды ететін дүниелері – ақша. Бұл тіркелген алаяқтықтардың жалпы санының 69 пайызын құрайды. Мұнан кейінгі кезекте ұялы телефондар – 10 пайыз және 12 пайыз – телебейнеаппаратуралар. Ағымдағы жылғы жапа шегушілердің әлеуметтік портретін басымырақ әйелдер қауымы құрап отыр (50,4%). Оның ішінде тұрақты жұмысы барлары – отыз пайыз, бәрі де орта және жоғары білімі бар ҚР азаматтары. Сан соққандардың көбі 41 мен 62 жас аралығындағылар екені де анықталып отыр. Ал, қылмыскерлердің биылғы жылғы әлеуметтік портретін 90 пайыз еркек кіндіктілер құрайтыны мәлім болған. Бұлардың сондай-ақ 77 проценті – жұмыссыз және оқымаған, оқымайтындар. Бәрі де ҚР азаматтары. Алаяқтардың басым бөлігі – 21 мен 29 жас аралығындағы жігіттер.алаяк
Алаяқтардың алдауына түсіп, оқыстан опық жеп қалмас үшін жеке мүлікке мұқият болуды ескертеді прокуратура қызметкерлері.
 
Ж.Жүсіпбек

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓