Журналистермен жүздесті
Табалдырығымыздан енді ғана аттаған қой жылы өңіріміз үшін жағымды жаңалықтармен басталуда. Атап айтсақ, облыстық ішкі саясат басқармасы, Қазақстан –Қостанай телеарнасы мен «Қостанай таңы» газетінің тікелей мұрындық болуымен «Баспасөз клубы» өз жұмысын бастады. Аталмыш клубта алғаш болып облыс әкімі Нұралы Садуақасов жергілікті және республикалық БАҚ өкілдерімен жүздесіп, сұрақтарына жауап берді.

Алқалы жиын барысында өңір басшысы жылқы жылы атқарылған жұмыстарға шолу жасап, алда жүзеге асатын жоспарларымен бөлісті.
Сондай-ақ, өңірдің 2015 жылы экономикалық – әлеуметтік дамуы мен БАҚ берілетін ақпараттардың шынайлығына ерекше мән беру керектігі де сөз болды.

Осынау басқосуға «Қостанай таңы» газетінің тілшісі Нұрболат Мешітбаев та қатысып, облыс әкіміне өз сұрағын қойғанын айта кеткен жөн.
Мешіт Ғазиз
Суреттерді түсірген Бағдат Ахметбеков