Өртке қарсы күрес қалай?

Бейсенбі күні аймақтық коммуникация қызметінде «Өңірдегі орман және дала өрттерінің алдын алу үшін қабылданған шаралар» тақырыбында брифинг өтті. Өрт қауіпсіздігінің алдын алу мен оған қарсы шаралар жөнінде облыстық төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары Азамат Орымбаев баяндап берді.b9aa4dd12753e5d39fad8032ccd58e1c_XL
– Биыл аймақтың мемлекеттік орман қоры аймағында қауіпті кезеңі басталғалы бері 33 орман өрті тіркелді. Ал дала массивтері аймағында 1304 га аумақты қамтитын 1 дала өрті және жалпы аумағы 1359,9 гектар жер жанды, – дейді Азамат Нобайұлы.
Жалпы біздің аймақта орман және дала өртін жою үшін жалпы саны 140 адамнан құралған еріктілер жасағы мен 29 дана өрт техникасы жұмылдырылған. 30 мамыр мен 1 маусым аралығында Ресей Федерациясының аймағында көршілес елдің төтенше жағдайлар қызметінің өкілдерімен біздің облыстың  төтенше жағдайлар департаменті арасында бірлескен командалық-штабтық оқу-жаттығулар өтті.
Өрт қауіпсіздігінің алдын алу шаралары жалғасуда. Жыл басынан бері 5 жеке өрт сөндіру бекеті ашылса, 2014 жылдан бері орманды-дала аймағына жақын елдімекендерді өртке қарсы қорғанысты қамтамасыз ететін 22 өрт сөндіру бекеті құрылған.
Өңірдің төтенше жағдайлар департаменті жыл сайын 10 мыңнан астам бала демалатын балалар сауықтыру лагерлерінде өрт қауіпсіздігін ерекше бақылауға алып отыр. Жазғы демалыс кезінде төтенше жағдайлардың алдын алу мақсатында, департамент қызметкерлері 1 маусымнан бастап қала сыртындағы сауықтыру лагерлерінде және мектепалды алаңдарда «Қауіпсіз демалыс» ұранымен алдын алу шараларын өткізуге кірісті.
 Орман және дала алқаптарында өрттің тұтануына тұрғындардың абайсыздығы, рұқсат етілмеген жерлерді, сабан қалдықтарын, сонымен қатар жеке адамдардың тұрмыстық қалдықтар мен қоқысты бақылаусыз жағуы себеп болуда.
– Проблемалы мәселеге себепкер осындай құқық бұзған тұлғалар анықталды. Сонымен қоса, үстіміздегі жылы өсімдік шөптерін, сабан қалдықтарын жағуда өрт қауіпсіздік ережелерін сақтамағаны үшін ҚР әкімшілік құқық бұзушылық кодексі 410 бабы «Өрт қауіпсіздік талаптарын бұзу мен орындамау» бойынша  8 адам жауапқа тартылды.  ҚР әкімшілік құқық бұзушылық кодексі 336 бабы «Өнеркәсіп пен тұрмыстық қалдықтарды тастау және жағу барысында атмосфералық қабатты сақтау мен өрт кауіпсіздігі талаптарын сақтамау» бойынша 3 жеке тұлға жауапқа тартылды. ҚР әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің  «Ормандағы өрт қауіпсіздік және санитарлық ережелердің талаптарын бұзу» 367 бабы бойынша 4 адам жауапқа тартылды. Жоғарыда көрсетілген барлық құқық бұзушылықтар бойынша кінәлі тұлғалар әкімшілік жауапкершілікке тартылды, – деді Азамат Нобайұлы.
Жиын соңында төтенше жағдайлар департаментінің өкілі табиғи өрттердің алдын алуға бағытталған іс-шаралардың жүйелі түрде жүзеге асырылатынын атап өтті.
 
   Шұға ҚОҢҚАБАЙ
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓