Жастарға қолдау бар

Арқалықтық жас кәсіпкер Айдос Ибрагим жиҺаз цехын ашты. Оның бұл кәсібінің өрістеуіне мемлекеттік бағдарламаның үлкен септігі тиді. Өз алдына жеке кәсіп бастауды көздеген азамат үкіметтен «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы арқылы 3,2 млн теңге шағын несие алды. Бұл қаражатқа ол ағаш кесетін заманауи станок сатып алып, іске белсене кірісті.01
  Әзірге жұмыс орнын жалға алып отыр. Келешекте кәсібін дамытып, дайын өнімдерді саудаға шығаратын дүкен ашу жоспары бар.
Жаңа жиҺаз цехында үш адамға жұмыс орны ашылған. Тапсырыстар толассыз түсуде. Мәселен, қала тұрғыны Бибігүл Әлкенова ұлттық салт-дәстүр бойынша қыздың дүниясын апарғалы жүр екен. Осы жерде жиҺаздың жақсы істелетінін құрбысынан естіп, арнайы іздеп келіпті. Кәсіпкердің ұялы телефонына да дамыл жоқ.03
"Тұтынушылардың қалауына қарай кез келген тапсырысты орындаймыз. Инстаграм әлеуметтік желісінде парақшамыз бар. Алдымен үлгісін көрсетеміз. Тұтынушылар өздері таңдап, қажетінше тапсырыс береді. Біздің мақсатымыз – тапсырысты дәл уақытында әрі сапалы орындап, тұтынушының көңілінен шығу. Жастарды қолдап, халықтың осындай нақты кәсіппен қамтылуына ықпал жасап, шағын бизнесті демеп жатқан үкіметімізге зор алғысымды білдіремін", – дейді жас кәсіпкер Айдос Жанкелдіұлы.
 
Мұрат Жүнісұлы

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓