
ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Ұлы Отан соғысының ардагерлерін қолдау жөніндегі жалпыұлттық акциясы Арқалық қаласында да көрініс тапты. Қала әкімі Ғ. Бекмұхамедов қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы К. Ақанмен бірге қалада тұратын 5 майдангердің шаңырақтарына барып, Елбасының Құттықтау хаты мен арнайы сый – сияпаттарын табыс етті.
ҰОС ардагерлері Т. Пуцыкина, М. Камалов, Ф. Романенко, Ф. Яков, В. Бушуевтар өздеріне көрсетіліп жатқан құрметке зор ризашылықтарын айтып, Елбасына алғыстарын білдірді.
Мұрат Жүнісұлы
Арқалық қаласы