Мүмкіндігі шектеулі балалар жаңа жылды қарсы алды
“Сенім Вера” қоғамдық бірлестіктің ұйымдастыруымен, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің қолдауымен Н.Иванов атында орта мектепте мүмкіндігі шектеулі балалардың жаңа жылдық шыршасы жылдағыдан ерекше әрі қызықты өтті.

Аудан әкімінің орынбасары Т.Әубәкіров шырша жанына жиналғандарды аудан әкімдігі мен аудандық мәслихаттың атынан құттықтап, жылы лебізін білдірді. “Сенім Вера” ҚБ төрайымы А.Досмақова балаларға сый – сияпат үлестірді. Аудандық мәслихаттың депутаттары Қ.Әлібек пен Г.Әбдіғапаровадан жаңа жылдық сыйлық алған балалардың көңілдері бір марқайып қалды.
Байбатыр Ахметбеков
Жанкелдин ауданы