Қарбыздар тексеріске алынды
Қостанай қ. Қалалық тұтынушылардың құқықтарын қорғау басқармасы сауда нүктелеріндегі қарбыздың құрамын тексеруге кірісті. Сынамаға алынған қауындар мен қарбыздар нитраттарға толы, нормадан 200 милиграммға көп болды.Тұтынушылардың құқықтарын қорғау басқармасының мамандары прокуратураға ескерту хат жібереді. Санитарлық дәрігерлер қала тұрғындарына қарбыздарды алуға асықпай, жергілікті жемістің піскен уақытын күтуге кеңес береді.