Байлығымыз – бірлікте
Аманкелді ауданы. Аудандық балалар кітапханасы Ассамблеяның 20 жылдығына орай «Қазақстан халықтарының байлығы – бірлікте» атты әдеби-монтаж ұйымдастырды. Шара барысында түрлі ұлт өкілдерінің балалары өз тілдерінде тақпақтар арнады. Кеш соңы ән, бимен жалғасты. Ы.Алтынсарин орта мектебінің ұстазы А.Италмасованың айтуынша, еліміздің өркендеуіне өз үлестерін қосып келе жатқан ұлттар мен ұлыстардың арасындағы достық пен ынтымақтастықты дәріптеудің маңызы өте зор.