“Басында Үшқараның қос барабан…”

logoСайын Мұратбековтың "Ба-сында Үшқараның" атты пове-сінің кейіпкері Әсет туған ауы-лына арада он шақты жыл өт-кеннен кейін оралады. Кейде төл сөз, кейде ортақ төл сөз ретінде берілген кейіпкердің ішкі моно-логы арқылы жасалған шегініс-тер бірде шығарма сюжетінің элементі ретінде, енді бір жерлерде композицияның шы-мырлығына қызмет ететін дәлел (мотивировка) түрінде қолданылған.
Әсеттің поездан түскен сәт-тегі көңіл-күйін, жан құбылы-сын білдіретін ішкі монологы-нан біз оның үнемі ізденіс үс-тіндегі, өмірдің мәнін ұғынуға талпынып жүрген жан екенін аңғарамыз.
"Поезд ақырындап жылжи бастады. Сол-ақ екен, Әсет кез-дейсоқ бір бақытты сәттен жы-рылып, жалғыз қалғандай күйге түсіп, көңілі құлазып сала берді. Өмірдің барлық қызығы мен шыжығы осынау поезда бұйы-ғы жылы вагонда кетіп  бара жатқан тәрізді.
Ылғи осы ойлап-күтпеген жерден осындай бақытты сәт-тер тап болады да, аяқ асты бұ-лаң етіп, сусып шығып кете береді. Осындай қимас шақтар неге тұрақсыз екен?".
Келесі монолог шығарма экспозициясының дәлелі іспет-ті, әрі кейіпкердің жағдайын да білдіреді.
"Тегінде, оның ауылға онша зауқы да соғып келе жатқан жоқ. Өзін еліктірер, қызық-тырар бірдеңе бар деп ойла-майды. Осыдан тоғыз жыл бұ-рын енді ауылдың қарасын көрместей безіп, запы боп кет-кен еді. Өзінің панасыз, күйсіз жетім қалған ауыр жағдайы, сол кездегі ағайыннан көрген те-періші есіне түссе, күні бүгінге дейін көңілі жасып, қорлан-ғандай болады. Бұл жолы тек етбауыр жақыны – жан деген-дегі жалғыз әпкесінің көңілін қимай, соның алдында ең бол-маса бір рет туыстық қарыздан құтылу үшін келеді. Хат жа-зып, тұңғыш қызының ұзатылу тойына шақырыпты. Әсет әпке-сін ойлаған кезде көкірегінде оған деген аяныш оянады. Бая-ғыда ұзатылып бара жатып, әп-кесінің жылағаны күні бүгінге дейін есінен кетер емес. Неге жылады, нендей қорлық яки зорлық көрді? Ол жағы Әсетке белгісіз. Әйтеуір жәйдан жәй жыламағаны анық. Сол әпкесі қазір қандай екен? Қартаймады ма екен? Шешесіне қатты ұқсаушы еді".
Әсеттің ішкі монологы арқы-лы оқырман да оның ауылымен, ауыл адамдарымен танысып, кейіпкердің өзінің және оның тағдырына қатысы бар басқа адамдардың сырына қаныға береді. Кезінде тай-құлындай тебісіп бірге өскен, қыз баланың табиғаты бөлек болатынын се-зінуіне алғаш рет әсер еткен За-ғипа бұл күндері алты баланың анасы болыпты. Онымен өз әйе-лін іштей салыстыруынан біз Әсеттің әйелі туралы аз-кем мағ-лұмат аламыз. Алғашқы махаб-батын оятқан, басқа біреуден жүкті болып, оны Әсетке жап-қан, сол үшін ағайынымен кеті-суге тура келген Сәулетайдың да жағдайын білеміз. Жастар болса өсіп кеткен, кеше ғана жа-лаңаяқ жүгіріп жүретін сияқты еді, қазір қызғалдақтай құлпыр-ған бойжеткен мен мұрты те-біндеп қалған соқталдай жігіт боп шыға келіпті.
Той өткен түні осындай жас қыздардың бірі – Шынармен ауыл  сыртында біраз қыдырып, жастық шаққа қайта оралған-дай болады. Адамның көңілі де жатқан бір жұмбақ емес пе, ертесіне өз-өзінен елеңдеп, Шынардың үйі жағына қайта-қайта қарағыштайды.
"Осы менің мұным не?.. Шы-ным ба? Әйелім бар, балам бар адаммын, онша жас та емеспін, еліге беретін кезден өттім емес пе, ал енді мұным қалай? Естісе, білсе ел-жұрттан масқара ғой. Адам болған, ақыл кірген, есейген түрі мынау ма деп күл-мей ме… Жоқ, қою керек… құ-рысыншы… Бір шынашықтай қызға сонша есім кетіп. Ең бол-маса, ол бір пәлендей сұлу болса екен-ау… өзі секпіл…"
Автор кейіпкердің жан дү-ниесіндегі құбылыстарды осы-лай оның өз ойы, ішкі толғаныс-толқуы арқылы білдіреді. Әсет өз көңілінен өзі қорқып, әлдебір қылмыс жасап қойғандай қы-пылықтап қобалжумен болады.  Аяқ астынан сезімі оянып, Шы-нарға ынтық болып шыға кел-генін түсіне алмай ойы он саққа жүгіреді. Адамның ішкі жан дү-ниесі – қашаннан жұмбақ. Та-лай жылдан бері көрмеген ауы-лына аңсап келген сезімтал жан-ның бұла қыз Шынардың бойындағы сұлулыққа, жастық әсемдікке қызығуы, өзі қайтып қызықтай алмайтын жастық шақты бір сәтке болса да орал-тар ма еді деген арман – ішкі түйсіктің құбылуы, сол бір қымбат кезді сағынудың бір көрінісі.
"Увяданья золотом
охваченный,
Я не буду больше молодым" – деп Есениннің торыққанын-дай, өткенді аңсап егілу.
Бір ойды бір ой жетектеп, Әсет өмірдің өткіншілігі, ғұмыр-дың қысқалығы, адамның әлем-дегі орны туралы  толғанады.
"Әсет дүниенің ұшы-қиыр-сыз кеңдігі туралы ойлады, құс жолындағы тозаң сияқты сан миллиондаған жұлдыздардың кез-келгені күннен де әлдеқайда үлкен, олардың бір-бірінен ара қашықтықтары миллиардтаған жарық жылдарымен есептеледі, ал сондай алып дүниенің  жер деп аталатын тозаңнан да кіш-кентай бір бөлшегінде адам өмір кешеді. Қызық-ау, сол адам шек-сіз өмір сүреді, бір-біріне ға-шық болады. Ой жіберсең күл-кілі-ақ".
Ауылында бірер күн қонақ болып, туған-туыс, дос-жолдас-тарын көріп, мауқын басқан Әсет қалаға қайтар күннің ал-дындағы кеште Зағипа шырқа-ған әнді тыңдағанда көңілі тағы да бұзылады.
"Әсеттің көңілі тағы да алай-түлей боп кетті. Жеткізбейтін алыс армандар, қиялдар көктем-гі қара суық желдей бүкіл тұла бойын діріл қаққызып азынап берді. Не үшін өмір сүріп жүр-міз осы? Не үшін тіршілік ке-шеміз? Аңсаған шақ, қимас сәт-тер неге баянсыз болады, осы? Неге тез айырылып қаламыз. Әне, Зағипа да аңсап отыр ғой сол бір шақты".
Басында Үшқараның
қос барабан,
Сол таудан дария шалқар
су тараған.
Сұлу қыз, көркем жігіт,
бәрі сонда,
Апырмай, неге келдім
сол арадан…,
– деп сызылтып салған ән Әсеттің көңіліндегі ашу-ыза мен құса-мұңды да шайып әкеткен-дей болады. Міне, мәселе қайда жатыр! Келгеннен бері көңілі алабұртып, байыз таппауының, Шынармен кездескеннен бергі өзін қоярға жер таппауының да бар сырын осы ән шешіп бер-гендей. Әркім де өзінің өскен ортасын, балалық бал дәуренін, бозбала жастық шағын аңсай-ды екен. Шынармен қыдырған түні де бұл өзінің қайта оралмас жастық шағымен қайта қауыш-қандай болып, құшағындағы балғын қыз бұған періштедей пәк сезімнің символындай әсер етіпті. Ал ән сөзіндегі Үшқара – дос-құрбымен бір жүріп, бірге сайран салған жастықтың символы.
"Қайда сол Үшқара? Қайда сол әнді аңсаған әсем қауым, сал-сері қауым, керім қауым? Мүмкін, сол Үшқара біздің Еш-кіөлместің бір жотасы болар … Адам шіркін тойымсыз ба, әлде? Аңсай беретін … Болған үстіне болса дей беретін …".
Әсеттің осы монологы әңгіме сюжетінің шешімі қызметін ат-қарып тұр. Бір кезде енді қай-тып көрместей болып кеткен ту-ған ауылына келгенде ойы онға, санасы санға бөлініп, аласұрған-дай бір күй кешкен кейіпкер өзінің жан бұлқынысының се-бебі неде екенін енді аңғарған-дай. Бәрі де қолда барды қадір-лей білмегендіктен екен ғой. Жастық шақта аңғырттықтан жіберіп алған әнтек қылықта-рың есіңе түсіп, шіркін-ай, неге олай емес, былай істемедім екен деп өкінесің. Амал не, өткен қайтып оралмайды. Жастық жа-лауы желбіреген сол бір Үшқа-рада жүрген кез осынысымен – өзінің қайталанбайтындығы-мен қымбат. Әлдебір құдіреттің күшімен өткеніне қайтып орал-ған күнде де сол достар, сол сәт, сол сезім ешқашан оралмақ емес. Осыны ұғып, жақынын да, жатын да сыйлап өтетін адам қанеки! Пенде болған соң біле тұрып бүлдіреміз, кейін өкініп, бармағыңды тістейсің, одан басқа не шара?
Сондықтан, әркім өз Үшқа-расын өмір бойы аңсап өтпек. Біздіңше, шығарманың түйіні, автордың айтпақ ойы осы болса керек.
Шаридияр Валиханов,
 Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық мемлекеттік педагогикалық институтының профессоры.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓