Бар құтымның бір үлесі – “Сарқытым”

Биыл қолға алынған "Қайырымдылық керуені" республикалық жобасы аясында Қостанайда алғашқы акция жүзеге асты. Қазақстан халқы Ассамблеясының облыстық филиалы жобаның қаңтар айына белгіленген "Сарқыт" шарасын өткізді.IMG_9358
 
IMG_9407"Сарқыт" акциясының шеңберінде қазақ халқының бірден екі дәстүрі – "Тұсаукесер" және "Бесікке салу" көрсетілді. Бұл үшін Әйелдер мен балаларды бейімдеу орталығында өмір сүріп жатқан нәрестелі екі ана арнайы шақыртылған. Сахна төрінде салттарды іске асыруды, оның терең мән-мағынасын залдағы көрермендерге түсіндіруді ақ жаулықты әжелер міндетіне алыпты. Ақбұрым аналар, ұйымдастырушылар ұлттық таным таяздаған уақытта әсіресе жастардың арасында мұндай визуалды шаралардың жиі өткізілу керектігін айтты. Ғасырлар елегінен өткен ұлттық ғұрыптардың тәрбиелік маңызын санаға сіңдіру – осы жобаның ең басты құндылығы.IMG_9367
Сонымен, ең әуелі Нұрсана есімді екі айлық нәресте бесікке салынды. Тиісінше, құстың ұясындай бесіктің әр бөлігі жайлы ақпараттар беріліп, оларға қатысты ырым-жоралғылар егжей-тегжейлі түсіндірілді. Анасының алтыншы құрсағы – нәзік Нұрсанаға да ақ тілек арналып, әлди-жыр айтылды. "Қастерлі бесік әр шаңырақта тербелсін" десті үлкендер.  IMG_9375
 
IMG_9385
IMG_9400Шараны тамашалауға келген мектеп оқушыларының, студенттердің және ересек қонақтардың ерекше қызығушылығын тудырған рәсім "Тұсау кесу" дәстүрі болды. Әлинұр есімді 1 жас, 3 айлық "батырдың" тұсауын кесіп, "тәй-тәй" басқызу ғанибеті Челябі мемлекеттік университетінің Қостанай филиалы директорының ғылым жөніндегі орынбасары Әлімжан Бекмағамбетовке тапсырылды. IMG_9419
IMG_9430Қазақтың осы бір тамаша дәстүрінің мәнісі жайлы да жүргізуші арулар жан-жақты түсінік берді. Төрге төселген ақ жол үстімен қаз-қаз қадам басқан Әлинұр ырым етіліп тасталған заттардың ішінен қамшыны қалап алды. Мұны жұртшылық жақсылыққа балап, "нағыз батыр болып өсер" деп жорып, ақ баталарын берді. IMG_9443
IMG_9432
IMG_9469
IMG_9473Әдемі ғұрып әнмен әрленіп, бимен сәнделді. Қос бірдей салт-дәртүр іске асып болысымен, бейімдеу орталығында күнелтіп жатқан көпбалалы бес анаға азық-түлік салынған сарқыт үлестірілді. Қытымыр қаңтардың "Сарқыты" осылайша мейір мен жылуға толы көңіл-күймен аяқталды.IMG_9485
Айта кету керек, бұл қайырымдылық акциясын өткізуге "Бірлік" әжірбайжан этномәдени бірлестігі, облыстық тарихи-өлкетану музейі және "Ақ дариға" қазақ әндері хоры көмек көрсеткен. Қазақ халқының барлық салт-дәстүрі, ырым-жоралғысы дәріп болатын қайырымдылық жобасы жыл бойы үздіксіз жалғасатынын да еске саламыз.
 
Суреттерді түсірген Бердіболат Көркембаев

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓