Қаламгер ой бөлісті

IMG_2414А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінде қаламгер, өлкетанушы Қуаныш Орманов студенттермен кездесіп, жақында ғана жарық көрген "Ел мен жер және тұлғалар тарихы" зерттеу кітабы жайында ой бөлісті.
– Қостанай-Торғай өлкесінің тарихы түп тереңде жатыр, – деді Қуаныш Орманов. – Сонау Нұх пайғамбар заманынан бастап, бүгінге дейін осы өлке небір тарихи оқиғаларға толы болды. Сондай-ақ,  осы атырапта туып, кіндігіне байланған әрбір ұрпақ адамзат өркениетіне өзіндік үлес қосты. Олардың еңбегі кезінде Египет пен Грекияны қалыптастырған заманындағы тұлғалардан да еш кем емес. Өкініші сол, Торғай өлкесі ұландарының сол еңбектері, қол жеткен табыстары терең зерттелмей, насихатталмай, бүгінге дейін беттері толық ашылмай келді. Міне, осы еңбекті жазу барысында мен соған барынша тоқталып, қал-қадерімше  тарихқа қиянат жасамай зерделеуге тырыстым.
Бұл кездесуде  қаламгердің  досы, әріптесі Серікбай Оспанұлы да болып, автордың осынау құн-ды зерттеу кітабын жазу үстіндегі қажырлы еңбегі-не тоқталды. Оқу орнының проректоры филология ғылымдарының докторы, профессор Алмас Әбсадықов та сөз сөйлеп, ел мен жер тарихын жазудағы қаламгердің ғылыми тұжырымдарына пікір айтты. Студенттер де әлсін-әлсін сұрақтар қойып, тарихқа қызығушылығын байқатып отырды.
Нұрболат
     МЕШІТБАЕВ
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓