Сәби көзінен мұң көрдім
Жыл айрығында бір жылды "ақтарып" шығып, өз-өзіңе есеп бере бастайды екенсің. Бір кабинетте отырған бір топ қыз ананы-мына еске аламыз да, арты қы-ран-топан күлкіге ұласып, не жазсам екен деп отырып қаламыз. Әркім өзінше есте қалар сәтті жаз-ғысы келеді. Әр жылдың өзіне тән ерекшелігі бар ғой. Оқырманмен осылайша бір сәт ішкі сырымызбен, бәлкім, қуаныш, мұңымызбен бөліскіміз келетін болар.

Биыл жаңа жоба бастап, об-лыстық балалар үйіне бардық. Осы ошақта тәрбиеленіп жатқан қазақ балаларымен араласып, байланысып тұратынмын. Осындай күндердің бірінде редакция қызметкерлері қаражат қосылды да бал-ғындарға сыйлықтар тарту етті. Сондағы балалардың жан дүниесі біздерді толқытты. Әкелген ойыншықтар олар үшін ыстық емес еді. Олар сол заттармен жақындарымен бөліскісі келгендігі ап-анық көрініп тұрды. Темірлан деген балақай бірден "Мен мұны әжеме беремін" деп күлім-сіреді. Алыста әжесінің барын ғана білетін қаршадай бала сол бір жанға жетуге асық. Ал інісімен бірге бір топта өсіп келе жатқан апалы-інілі бауырлар өзгеге емес туған бауырына деп қос бірдей ойыншықты бауырына қысты. Бір сәтте сәби көзінен мұң көрдік. Мұң арқылы өмірдің бар мәні көрінгендей…
Тіршілік жеңістер мен жеңі-лістерден тұратын болса керек. Ылғи жеңіс бола бермейтіні секілді, бірыңғай сәтсіздіктер де кездесе бермейді. Келер жылда тек қана жақсылық болсын деп тілеймін.
Айтолқын Айқадамова