Б.Нұрымбетов: “Барлығына бірдей төленуі керек”

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов көпбалалы отбасының барлығына бірдей табыс көлеміне қарамастан 42 500 теңгеден беруді ұсынды, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.  11313297Үкімет отырысында министр Қазақстанда балалардың 60 пайызы көпбалалы отбасы мүшесі екенін айтты. 
"Осыған байланысты көпбалалы отбасылар құрамынан атаулы әлеуметтік көмек алатындарды шығарып, оларға табыс көлеміне қарамастан қолдау көрсетуді ұсынамыз. Бұл көпбалалы аналардың беделін арттырып, материалдық жағдайын жақсартады", – деді Нұрымбетов.
Оның айтуынша, жәрдемақы көлемі сараланады. Төрт баласы бар отбасы айына 42 500 теңге алады. Бала көп болған сайын жәрдемақы да көбейеді, ең жоғарғы төлем – 73 370 теңге. 
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓