Жан жылуы – балғындарға

Қостанай облыстық балалар үйінде Қостанай ауданының Маңдай батыр мешітінің бас имамы Азамат қажы Серікбайұлының ұйымдастыруымен концерттік кеш өтті.
Изображение 2 1099Бұл кеш балалар үйінде тәр-биеленіп жатқан қазақтың қара домалақ балаларына арнайы ұйымдастырылды. Концертте Затобол кентінің "Алтын дән" мәдениет үйінің әртістері ұлттық аспаптарда күйлер орындап, патриоттық тақырыпта әндер шырқады. Марал Ишан мешітінің бас имамы Асылхан қажы Мұханбетжанұлы сөз сөйлеп, балғындарға өмірде тек ақ жол тіледі. Қазақты балаларына дұрыс жол сілтеп, қазақы тәрбие беріп жүрген тәрбиешілерге Алғыс хат тапсырды.
– Алла Тағала әркімге әр түрлі өмір, әрқилы тағдыр сыйлайды. Осы жетім балаларды қамқорлыққа алып, көңіл бөлудеміз. Бұл балалар біздің ертеңіміз. Дінсіз ұлт, ұлтсыз дін болмайды. Мұндағы әр баланың болашағы ашық, жарқын болатынына сенгім келеді, – деді Азамат қажы.
Имандылық жолында жүрген азаматтар үнемі балаларға көңіл бөліп тұрады. Тек сыйлық тартып қана қоймай, балалармен бірге отырып, әңгімелесіп, дидарласуды естен шығарған емес. 9 топта жүрген балалар арасында спорттық ойындар ұйымдастырып, көңілді старт, мини-футбол, баскетбол, волейболдан жарыстар өткізді. Асылхан қажы мен Азамат қажы өздері команданың басшысы болып, балалармен бірге екі топқа бөлініп, жарысқа қатысты.
– "Қостанай таңы" газеті арқылы осындай кештерді ұйымдастырып тұратын жанашыр қажыларымызға алғысымыз шексіз. Ризашылық мерекесінде де біз осы кісілерден спорттық заттарды сыйлыққа алдық. Ең бастысы балаларға тәлім-тәрбие беріп, үнемі келіп балалардың ортасында отырады. Бұл жан жылуына зәру балалар үшін маңызды,– дейді тәрбиеші Айгүл.
 
Айтолқын Айқадамова
Суретте: кештен көрініс.
Суретті түсірген Айбек Жүзбай. 

 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓