Облыс әкімінің орынбасары болып Роза Кемалова тағайындалды

Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетовтың орынбасары болып Роза Кемалова тағайындалды. Ол бұған дейін Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары лауазымында қызмет еткен.роза
Облыс әкімінің баспасөз қызметі хабарлағандай, Роза Кемалова экономика және қаржы, салық салымы және табиғат тұтыну мәселелеріне жетекшілік етеді. Ауыл шаруашылығы мәселелері облыс әкімінің бірінші орынбасары Ғауез Нұрмұхамбетовке міндеттелді.
Сондай-ақ, облыс әкімінің әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасары болып осы уақытқа дейін Лисаков қаласын басқарған Марат Жүндібаев тағайындалды.
Анықтама:
Кемалова Роза Кеңесқызы 1959 жылы 12-қыркүйекте Ақмола облысының Макинск қаласында дүниеге келген.1980 жылы Алматы халық шаруашылығ институтын экономика мамандығы бойынша тәмамдаған. Еңбек жолын 1980 жылы Торғай облысы конторының экономисі болып бастаған. 1991 жылға дейін өз мамандығы бойынша Торғай, Ақтөбе облыстарында табанды еңбек еткен. Кейін Ақтөбе облысына қарасты Қарғалы, Хромтау аудандарында әкім орынбасары лауазымында болған.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓