Басты назарда – білім саласы

"Nur Otan" партиясының Қостанай облыстық филиалы жанындағы Білім мен ғылымды дамытудың Өңірлік қоғамдық Кеңесінің бірінші отырысы өтті.
Оған төраға ретінде Әулиекөл ауылшаруашылығы колледжінің директоры, Қостанай облыстық мәслихатының алтыншы және жетінші шақырылымының депутаты Альмира Жансүгірова сайланған болатын.
Отырысқа "Nur Otan" партиясы Қостанай облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Бибі-гүл Аққожина, жауапты мемлекеттік орган өкілдері мен кеңес мүшелері қатысты.
Жиын барысында алғаш-қы болып сөз алған Бибігүл Аққожинаның айтуынша, партияның сайлауалды бағ-дарламасының басым бағыттарының бірі ол – білім беру саласы.
– Аймақтық Жол картасының 121 көрсеткішінің 14-і (12%) білім мен ғылымды дамыту сұрақтарына арналған. Тек, биылғы жылдың өзінде 53 білім беру мекемесіне күрделі және ағымдағы жөндеу жұмыстарын жасау жоспарланған. 9 мектепке дейінгі ұйымдардың қосымша ашылуына байланысты балаларды 3 жастан бастап мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамтуды қамтамасыз ету жоспарлануда, – деді Бибігүл Бүркітқызы.
Алдағы 5 жыл ішінде осы тармақтардың барлығын жүзеге асыру аймақтық қоғамдық кеңестің ерекше бақылауында болмақ.
Содан кейін сөз Қостанай облысы әкімдігінің білім бөлімінің басшысы Зәуре Байменоваға берілді. Оның айтуынша, "Nur Otan" партиясының "Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!" сайлауалды бағдарламасында 16 іс-шара облыстың білім саласына жатады. Бүгінгі күні 4 іс-шара толығымен аяқталған.
– Облыс орталығының "Юбилейный" ш.а орналасқан жалпы соммасы 3,1 млрд теңге болатын мектептің құрылысы 2020 жылдың желтоқсанында Тәуелсіздік күні қарсаңында аяқталған болатын. Қостанай облысының барлық мұғалімдері 2020 жылдың тамызында қашықтық технологиялармен жұмыс істеу бойынша біліктілікті арттыру курстарын аяқтады. 2020 жылы мұғалімдер мен оқушыларды компьютерлік техникамен қамтамасыз ету үшін 3,8 млрд теңгеге 21 мыңға жуық компью-тер сатып алынды, бұл бір компьютерге шаққандағы оқушылар санының көр-сеткішін 7-ден 4-ке дейін жақсартты. Халықтың әлеу-меттік осал топтарына жататын отбасылардан шыққан балаларды компьютерлік техникамен қамтамасыз ету 100%-ды құрады. Қазіргі уақытта оқу жылының аяқталуына байланысты компьютерлер мектептерге қайтарылды, – деді Зәуре Әнуарбекқызы.
Сондай-ақ, білім басқармасының басшысы өз сөзінде студент жастарға қолайлы жағдай жасалғанын мәлімдеді. 1,3 млрд теңге сомасына Қостанай автомобиль көлігі колледжінің студенттеріне арналған 500 орындық жатақхананың құрылысы аяқталуда. Ал, Қостанай политехникалық жоғары колледжінің 500 орындық жатақханасының құрылысы жоспарға сай 2022 жылы "Жұмыспен қамтудың жол картасы" аясында жүзеге асырылады.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓