Шаңғы маусымы басталды
Сарыкөл ауданында шаңғы маусымы басталды. «Батыр» стадионында өткен аталмыш жарыстың ашылуына Соналы, Қара-Оба, Маяк, №1Урицк, Ново-Урицк және Урицк мектептері, сондай-ақ, колледж, аудан әкімдігі мен БЖСМ-нің қызметкерлері қатысты.

Жалпы, өңірде бұл спорт түрі бірнеше жылдардан бері ұйымдастырылып келеді. Биыл да үрдіс жалғасын тауып, шаңғышылар жарыс жолында бақтарын сынады. Әзірше, бұл бастамасы ғана, нағыз спортшылардың тартысы әлі алда.
Руслан Әлкеев
Сарыкөл ауданы