Жаңа жылдық акция

«Қазақтелеком» АҚ биылғы жылды табысты аяқтап отыр. Үстіміздегі жыл компанияның 20 жылдық мерейтойымен тұспа-тұс келгенін Қостанай облыстық телекоммуникациялар Дирекциясында бұған дейінгі өткізілген шаралардан білесіздер. Енді міне, мекеме арғымақ жылын үлкен думанмен шығарып салды.
IMG_2563Жұма күні Қостанай облыстық телекоммуникациялар Дирекциясы жеке тұлғаларға қызмет көрсету орталығында Аяз ата және Ақшақардың қатысуымен «Қазақтелекомнан жаңа жылдық сыйлықтар!» акциясын өткізді. Алдымен жеке тұлғаларға қызмет көрсету орталығында өткен салтанатты шарада құттықтау лебіздер айтылып, келген абоненттерге сыйлықтар тарту етілді.
             -Бүгін, жыл айырығы қарсаңында Қостанай ОТД өз абоненттеріне зор табыстар тілеп, жаңа жылдық сыйлықтар жасауда. Биыл біз тұтынушылар үшін 32 акция ұйымдастырдық. Біздің компанияның негізгі стратегиялық бағыттарының бірі – клиенттерге сапалы және халықаралық талаптарға сай қызмет көрсету. Сіздерді жаңа жылдарыңызбен шын жүректен құттықтай отырып, баршаларыңызға зор денсаулық, бейбітшілік, ынтымақтастық, тұрақтылық пен береке-бірлік тілеймін. Еліміз өркендей берсін!» – деді, өзінің құттықтау сөзінде Қостанай ОТД Коммерциялық директоры орынбасарының міндетін атқарушы Дәмір Әбдірахманов.IMG_2547
Акция кезінде абоненттерге мерекелік ойындар өткізіліп, түрлі викториналық сұрақтар қойылды. Белсенді қатысқандарға Қостанай ОТД атынан жаңа жылдық сыйлықтар табыс етілді.
– Бүгін, міне, Қостанай ОТД өткізіп отырған акцияның жүлдегері болғаныма қуаныштымын. iD TV қызметіне қосылған едім, енді компанияның бағалы сыйлығына ие болып отырмын. Қазақтелекомдықтарға көп рахмет, бізді тек бағалы сыйлықтармен емес, бастысы, сапалы байланыспен қамтамасыз ете берсін, – деді қуанышын жасырмаған ұтыс иегері Бағлан Әбекеева.
Тұрсын Қайдарқызы, зейнеткер:
– «Қазақтелеком» ұсынған барлық қызметтер ұнайды. Республиканың барлық облыстарында балаларым, туған-туыстарым тұрады. Байланыс қызметтерінің арқасында олармен күн сайын тілдесіп, амандықтарын біліп тұрамыз, – дейді ақжаулықты ана.   
Ұйымдастырушылар тұтынушылар арасында түрлі байқаулар ұйымдастырып, оларға мерекелік көңіл-күй сыйлады. Дәл осындай жаңажылдық іс-шара Затобол кентіндегі Қостанай аудандық өндірістік торабының сервис-бюросында жалғасты.
 
Шұға Қоңқабай

 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓