Даму орталығы ашылды
Қостанай ауданы Жуков ауылында «Өркениет» даму орталығы ашылды. Оның құрылуына «Жуковка» қоғамдық бірлестігі бастамашы болды. Ал орталық орналасқан ғимаратты қалпына келтіруге жергілікті меценат Валерий Розумович қаржы бөлді. – «Қаз Агрос» ЖШС ауылдың дамуына қомақты үлес қосып жатыр. Жалпы, мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында облыста да, ауданда да көптеген жұмыстар атқарылуда. Әр ауылда осындай кәсіпорын ашылса, қосымша жұмыс орындары пайда болып, халықтың көшуі тоқтайды, ең бастысы – жастар тұрақтайды, – деді орталықтың салтанатты ашылуында аудан әкімі Жансұлтан Таукенов.Даму орталығы ғимараты – бұрынғы дүкен. Оның негізгі қызметі балалар мен жастарға арналған. Түрлі үйірмелер ұйымдастырылады. Ауылдың басқа тұрғындары да бос уақытын сонда өткізсе болады.
Жергілікті тұрғындар ауылда 20 жыл бойы демалыс орталығы болмағанын айтады. – Валерий Ивановичке көп рахмет! Болашақта ауылымызды дәріптейтін азаматтар, мықты таланттар шығатынына сенімдімін! – дейді зейнеткер, ауыл тұрғыны Дәметкен Ыбыраева.