Меценаттар сыйлығының жеңімпаздары анықталды

Қостанай өңіріндегі кәсіпкерлердің меценаттар клубы өнер, мәдениет, ғылым, журналистика сынды салаларда озық шыққандарға «Қазына» және «Шабыт» сыйлықтарын тапсырды. Биыл 14-ші рет өткізілген салтанатты шараға облыс әкімі Нұралы Садуақасов қатысты.
IMG_8871Осынау игі бастама осыдан он  төрт жыл бұрын қолға алынған болатын. Өңірдегі 20-дан астам ұжымның жетекшілері мүше болатын меценаттар клубының төрағалығына «Иволга Холдинг» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры Василий Розинов сайланған.
Міне, содан бері өңірде мәдениетті қолдауға арналған шараның ауқымы кеңейе түсті. Қостанай меценаттар клубы 2001-2010 жылдар аралығында жалпы сомасы 105 362 910 теңгеден тұратын 273 сыйлық тапсырыпты. Ал, биылғы жылы "Журналистика" номинатциясы бойынша  «Қазына» сыйлығына «Қостанай таңы» газетініңа бас редакторының орынбасары  Сәлім Меңдібай ағамыз  ие болды . Жаңа жыл қарсаңында жағымды жаңалықты оқырмандарымызбен бөлісе отырып, ардақты ағамызға  шығармашылық табыс тілейміз
 
IMG_9106
 
IMG_8897
IMG_8918
IMG_8930
IMG_8964
IMG_9041
IMG_9115
Мешіт Ғазиз
Суретті түсірген Айбек Жүзбай

 

You may also like...

1 Response

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓