МАҚСАТ – жетім балалардың жағдайын жақсарту

Бүгінгі таңда елімізде, соның ішінде облысымызда,  жетім балалар және ата-ананың қамқорлығынсыз қалған балаларға мемлекет, жергілікті билік органдары тарапынан тиісінше қолдау мен көмек көрсетіліп келеді. Соның бірі – тұрғын үймен қамтамасыз ету. Міне, осы мәселе  облыс әкімі Н.Садуақасовтың басшылығымен өткен аппарат жиынында кеңірек талқыланды.
Жиында жетім-балалар және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған  балалар, оларды тұрғын үймен қамтамасыз ету  туралы балалардың құқықтарын  қорғау  басқармасының жетекшісі Р.Сәрсенова баяндап өтті.
Облысымызда 2014 жыл-ғы 1 мамырдағы мәлімет бойынша 3072 жетім бала және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар бар.  Жетім балалар және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың жалпы санынан 1977 бала қамқоршылық немесе патронаттық тәрбиелеуге берілді.
 «Жетім көрсең, жебей жүр» дегендей, өңірімізде ҚР «Тұрғын үй қатынастары туралы» заңына сәйкес соңғы жылдары тұрғын үймен қамтамасыз ету я болмаса тұрғын үй кезегіне тұру деген секілді өзекті мәселелер қолға алынып, жүзеге асырылып келеді. Интернат ұйымдары мен жергілікті атқару органдарының мәліметі бойынша қазіргі уақытта 219 жетім бала және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың бекітіліп берілген тұрғын үйлері бар.  Аз ба,  көп пе?
2014 жылғы мамыр айындағы жағдай бойынша тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық органында тұрғын үйге деген мұқтаж  2460 кәмелетке толмаған  жас-өспірім есепте тұр. Мәліметке жүгінсек, 2006-2014 жылдар аралығында жетім балалар және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар  арасынан облысымызда 281 азамат тұрғын үймен қамтамасыз етілді. Оның 141 интернат түлектері болса, 140 отбасында тәрбиеленгендер. Мемлекеттік тұрғын үй қорынан  бөлінген 57 пәтер облысымыздың ауыл-селолық елдімекендерге тиесілі. 2013 жылғы ҚР «Тұрғын үй қатынастары туралы» заңнамасына енгізілген өзге-рістер мен толықтыруларға орай қазіргі кезде жетім-балалар және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар бірінші кезекте  мемлекеттік тұрғын үй қорынан бөлінетін тұрғын үймен қамтамасыз етілуге құқығы бар.
 ҚР «Тұрғын үй қатынастары туралы» заңнамасына енгізілген  соңғы өзгерістер мен толықтыруларға байланысты  жетім балаларды тұрғын үй алу кезегіне есепке  қою жұмысы жанданып келеді. Дерекке жүгінсек,  қалалық, аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және  автомобильдер жолдары бөлімдерінің 2014 жылғы 1 мамырдағы жағдайы бойынша жоғарыдағы категориядағы 4075 азамат есепте тұр, 2013 жылғымен салыстырғанда  756 көп. Тұрғын үйге деген мұқтаж есепке тұрғандардың жалпы санынан 2460 бала кәмелетке жетпеген жасөспірім жетім бала және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар болса, 1616-ы кәмелетке толғандар.
Қазіргі таңда  ҚР «Тұрғын үй қатынастары туралы» заңындағы өзгерістерге  сәйкес алты ай ішінде барлық интернат ұйымдарының тәрбиеленушілері мен  патронаттық тәрбиедегі немесе қамқоршы қарамағындағы  балалар жергілікті атқару органдарында есепке тұруға тиіс, міне, осы заңға орай1506 кәмелетке жетпеген жасөспірім ТКШ есебінде тұр. Бұл заңдар орындалмаса, жауапты тұлғаларға 100 АЕК көлемінде айыппұл салынады, ал, егер  тағы да қайталанатын болса айыппұл екі есеге көбейеді.  Сол секілді жетім баланың тұрғын үйі сақталмаған болса, онда   айыппұл ретінде 400 АЕК  көлемінде әкімшілік  шара қолданылады, жыл бойына  қайталанатын болса, 500 АЕК   айыппұл салынады. Әрине, барлығы жақсы деп айтылғанымен, кемшіліктер де жоқ емес-ті. Жетім балалардың құжаттары дер кезінде даярланып, баланың мәртебесі анықталмайды екен.
Облыс әкімі  балалардың құқықтарын қорғау басқармасы жетекшісінің баяндаған мә-ліметін тыңдай келе,  тиісті органдар жетім балалардың құжаттарын даярлауды жүйелеу қа-жеттігін, проблемалық мәселелерді дер кезінде шешу керектігін атап өтті.
Гүлназым
     САҒИТОВА
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓