Ыстық суға мұқтаждық бар
Жылу беру маусымы аяқталысымен қалалықтар дүрліге бастайды. Ыстық су күн тәртібі-нен орын алады. Себебі, адам беті-қолын жуып, шайынуға да ыстық суды іздейді. Ыдыс, аяқты шаюға да жылы су қажет.
Құбырдан ағып тұрған ыстық судың бірер айда келе қоймайтыны анық. "КТЭК" тың көктемнен бастап жылуды тоқтатыны белгілі. Сонау күзге дейін ыстық су қаланың барлық жерінде толықтай беріле қоймайды.
Әлгі "КТЭК" алдымен жылу құбырларын тазалайды. Сосын бірнеше көшені астаң, кестең етіп қопарады. Ескірген құбырларды жаңасымен алмастыру ұзаққа созылады. Мәселен, Герцен көшесінде қазан айына дейін ыстық су берілмейді. Сонда ондағы тұрғындар қайтпек?
Герцендіктер және басқа көше тұрғындары амал тапты. Олар суды ысытатын құралдарды пайдалануға көшті. Мамыр айынан қажетті жабдықтар тез сатылды.
Енді аталмыш құрал, жабдықтар туралы сөз етейік. Бұлардың түр-түрі бар. Көлемдері әртүрлі болады.
Ас үйдегі мұқтаждыққа көле-мі он бес литрлік жабдық жарап жатыр. "Бойлер" атанған ыдыста жылытылған су күні бойы ыдыс-аяқты жууға жетеді.
Ваннада жуынып, шайынуға қанша көлемде суды ысыту үшін пәтерде тұратын адам санын ескеру керек. Нағыз қолайлы ыдыс – елу литрлік шағын бөшке сияқты бак,ыдыс. Мұндағы су үш адамның қажетін өтейді. Ондағы суды бір жарым сағатта ысытуға болады.