Комбинат, жол және басқалары…

Облыс әкімі Н.Садуақасов  Қостанай қаласындағы бірнеше нысандарды аралады.
Ең алдымен облыс әкімі  "ЕвразКаспианСтальде" болып, жұмыс барысымен танысты. Зауыт жылына  көлемі 450 мың тонна болаттан жасалған арматура өнімін шығарады. Зауыт өнімі негізінен өз еліміздің, сол секілді ТМД және жақын, алыс мемлекеттердің нарығына өткізілмек.  Осы өнімді құрылыс компаниялары тұтынады.  Зауыт пеші ең алғаш рет өткен жылдың 18 қарашасында іске қосылса, осы жылы пештен ыстық дайындамалар алынды. Үстіміздегі жылдың екінші тоқсанында кәсіпорынның аймағын абаттандыру жұмыстары жүргізілетін болады. Облыс әкімі Н.Садуақасов зауыт жұмысымен таныса отырып, зауыт пешінен алынған арматуралық болат өнімдерінің қалай шығарылатынын көріп, байқады.
Содан кейін аймақ басшысы инвестициялық жобаның бірі –"Үй құрылысы комбинаты" құрылысына барды. Мәліметке сүйенсек, бұл жоба үстіміздегі жылдың  маусым айында жүзеге асырылуы тиіс екен. Үй құрылысы комбинатының жұмыс барысымен танысқан облыс әкімі  жоба мәлімдеушісіне ең алдымен  барлық жұмысқа жауапкершілікпен қарау қажеттігін айта отырып, біздің жергілікті билік тарапынан өндірістің, кәсіпорынның жандануына тиісінше қолайлы жағдай жасап отырғандығын жеткізді.
Комбинаттан кейін облыс әкімі Н.Садуақасов Орджоникидзе–2 Қостанай көшелері шекарасындағы Герцен көшесінің қайта жаңғырту жұмыстары қалай жүргізіліп жатқанымен танысты. Осы   қайта жаңғыртылатын көшенің жалпы ұзындығы 3,37 км. Бұл жобаның жалпы құны 2,2 млрд. теңге. Жобаны жүзеге асырылу мерзімі үш жыл. Қостанай қаласы әкімінің орынбасары В.Радченконың айтуынша, өткен жылы Орджоникидзе көшесінен Киев көшесіне дейін жұмыс жүргізіліп, бұл қаржының 495 млн. теңгесі игерілді. Инженерлік желілер жүргізіліп,  асфальттың төменгі қабаттары салынды. Қазір жөндеу жұмыстарына  600 млн. аса теңге бөлінді.
Бұл қаржыға Киев көшесінен Текстильщик көшесіне дейін инженерлік желі тартылып, салынады, ал, 2015 жылы болса, Герцен көшесінің қайта жаңғырту асфальтбетонның жоғары қабаты салынып, жарықтандыру мен газ құбыры жүргізіліп, жұмыстары аяқталып, 1 млрд. 37 млн. теңге жұмсалады. Қазіргі кезде жөндеу жұмыстары бойынша  ешқандай іркілістің жоқтығын,  қаржының жеткілікті екендігін, бүгінгі кезде жұмыстың қаншалықты орын-далғаны туралы әкімнің орынбасары, мердігерлер   облыс әкіміне  толық мәлімет берді.
– Ең алдымен инженерлік коммуникация мен асфальттың тө-менгі қабатын салғандарыңыз әбден дұрыс екен. Топырақтың отыруы, шөгуі үшін екі-үш жылдай уақыт қажет, содан барып асфальттың  жоғары  қабатын  салған жөн. Жұмыс барысымен Авиационный көшесіндегі айналма жолдан өттік. Машиналар кептеліп қалыпты. Ол айналма жол-ға жөндеу жүргізіліп жатыр, кем дегенде 10 маусымға дейін аяқталады дейді. Көлік жүргізушілер үшін  іркіліс жасамай, жұмыстың  мерзімін  маусымның 1-не дейін аяқтаған жөн болар. Көше шұң-қырларын мамырдың аяғына дейін аяқтауымыз қажет, оны соза берудің реті жоқ. Қазір күн ұзақ, екі аусымда жұмыс істеуге болады, көлік жүргізушілер бір-екі ай шыдамдылық көрсеткені жөн. Қарбалас сәтте жол реттеушіні де қойған дұрыс,– деді облыс әкімі.
Гүлназым
        САҒИТОВА
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓