Діни рәсімді бұрмалап не ұтамыз?

скачанные файлы"Қостанай таңы" газетінің 28 қазан күнгі санында оқырман Рахым Рыскелдиннің "Қашан арыламыз" деген көлемді мақаласы жарияланды. Хат иесі көнеден келе жатқан ұлттық салт-дәстүрлеріміздің, соның ішінде өлікті жөнелту рәсімінің өрескел бұрмаланып бара жатқанын жазыпты. Егер дер кезінде мұндай кемшіліктерге көп болып тоқтау салмаса қарапайым халықтың тұрмыстық деңгейіне қатер төндіретін даңғаза-дарақылықтың зиянын барынша дәлелдеуге тырысқан екен. Жасыратыны жоқ, бұл өзі жаза-жаза жауыр болған тақырып. Кезінде осы мәселеге аузы дуалы ел ағалары да араласқан.
"Дәстүрдің озығы бар, тозығы бар" дегенді бізден бұрынғылар айтып кеткен. Олай болса мақалада айтылғандай, Торғай ақсақалдарының алаңдауы орынды. Қазір нарық заманы. Көпшілік қалай байысам екен деп ойлайды. Ал бай адамға қуанышың мен қайғыңды "былай өткіз" деп жөн айту тағы ыңғайсыз. Меніңше, жерлеу рәсіміндегі орынсыз шығындар мен өрескел ысырапшылдыққа жалғыз адам тосқауыл бола алмайды. Сондықтан бұл іске жергілікті имамдар, жасы үлкен елге сыйлы азаматтар бәрі кірісуі тиіс. Мәселен, мәйіттің жаназасын шығарып жер қойнына тапсырғанға дейін "күзеті" деген рәсім бар. Ертеректе күзетке ауылдың үлкендерінен құралған он шақты адам жиналған. Олар мәйіт жатқан шымылдықтың сыртында кезекпен ауысып, ұйықтамай отыратын. Оның мәнісін мәйітті тосын құбылыстан, зиянкестерден сақтау деп түсіндіретін. Көңіл айта келгендер үй иесіне кіріп шығып, намаз шығару рәсіміне бірақ  келетін. Қазір күзетке келушілердің саны намазға жиналғандардың санына жетіп жығылады. Ауылдықтар намазға келген кісілерді 4-5 үйге бөліп түсіреді. Ал қалалықтар кафе жалдайтын болды. Осы тірлігіміз діни рәсімге жат емес пе?!
Кенжеғали КӘРІБОЗОВ.
Арқалық қаласы.
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓