Жылдың соңғы жәрмеңкесі

Бүгін – орталық базардың жаныңда жылдың соңғы жәрмеңкесі ұйымдастырылды. Тұрмысқа қажетті тауарларды қолжетімді бағаға сатып алуға асыққан ағайынның қарасы көп болды.  
Ж__рме__ке с__т¦нен к__р¦н¦сБұл жәрмеңкеде де әдеттегідей, жылқы, сиыр, қой, қаз-үйрек, тауық еттері сөрелерде самсап тұрды. Сүт, айран, майлар бірден сатылып кетті. Нарық бағасына наразы ағайын, картопты да көбірек алып, балдың да біразын саудалады.
Жәрмеңкенің аты – жәрмеңке. Бұл жолы барымен базар болғандар, яғни  өздері алып келген өнімдерін өңірліктерге өз бағасынан сәл түсіріп те берді. Осыны ұтымды пайдаланған сарыкөлдіктер болса, науқаннан құр алақан қалмады. Бірі дорбалап, енді бірі қапшықтап алып, үйлеріне қарай қайтып жатты.   
 
 
Руслан Әлкеев
Сарыкөл ауданы

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓