Оңалту орталығы ашылды

Қостанай қалалық балалар ауруханасының жанынан неврологиялық кеселге шалдыққан балаларды емдеуге арналған оңалту орталығы ашылды.

DSC_5470сайткаОрталықты ашу үшін жергілікті бюджеттен 8 млн. теңге бөлініпті. Он бес орынға есептелген бөлімшеде облыстың әр өңірінен келген 6 айлық сәбиден бастап 16 жасқа дейінгі балалар қабылданады. Емделудің бір курсы 21 күн, ол курста ЛФК, массаж, физиоемдеу тәсілдері қолданылады. Жалпы, өңірде аталған орталықтың ем-домына зәру бүлдіршіндердің саны 500-ге жетіп жығылады. Ал, орталық жыл аяғына дейін 130-ға жуық баланы ғана қабылдай алатын көрінеді. Сондықтан, келер жылы мұндағы орынды екі есеге көбейту де жоспарланып отыр.

Қарлығаш Оспанова

Суретті түсірген Бағдат Ахметбеков  

 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓