Кәсіби мерекемен құттықтады

Бүгін Рудный қаласының әкімдігінде Байланыс және ақпарат қызметкерлері күніне орай салтанатты жиын өтті. Кәсіби мерекемен тілшілер қауымын әкімнің әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасары Елена Скаредина құттықтап, жыл бойы еңбегімен көзге түскен бір топ қызметкерге алғыс хаттар мен гүл шоқтарын табыстады.IMG_8612-Бүгін сіздерге шын көңілден алғыс айтқым келеді. Себебі сіздер аса жауапты мамандыққа адал болып, халықтың мұңы мен мұқтажын өз мүдделеріңнен биік қойып, халық үшін жұмыс жасап келе жатырсыздар. Сол жұмыстарыңыз жемісті болсын! Дендеріңізге саулық, жұмыстарыңызға шығармашылық табыс, даму тілеймін, – деді өз сөзінде Елена Вадимовна.
Айта кетерлігі, қазіргі таңда кеншілер қаласында 15 бұқаралық ақпарат құралы тіркелген. Олардың қатарында «Рудненский рабочий», «Магнетит», «Хорошое дело», «Білім шаңырағы», «Лови момент» газеттері, «Рудный дауысы», «Сана» телерадиокомпаниялары мен бірнеше кабельдік телеарналар бар.
 
Қуаныш ЕСҚАБЫЛ

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓