“Мұражай түні” қызыққа толы

"Өткенді айтпай, болашақ жоқ" демекші, адамзаттың өткені мен өшкенін жаңғырту, тарихын ұлықтау, өскелең ұрпаққа таныстыру мақсатында ұйымдастырылатын мәдениет пен тарихтың негізгі орталарының бірі – мұражайлар. Қостанай облыстық тарихи-өлкетану мұражайы 18 мамыр – "Халықаралық мұражай күніне" орай "Мұражай түні" атты мерекелік шарасын өткізді.
Мұражай қызметкерлері жыл сайын бұл мерекені ерекше атап өтеді және шараға келушілердің саны өсіп келеді. Кешкі 9-да басталатын шараға келушілер небір қызықтың куәсі бола алды. Олар тек мұражайды аралап қана қоймай, мұнда болған жәрмеңкеге де қатысты. Өздеріне қажетті көленер бұйымдарын сатып алып, тіптен олардың жасалу жолдарымен де таныс болды. Бүгін мұражайға кіру тегін, әрі суретке де түсіп, естелікке қалдыруға болады.
Айтолқын
        АЙҚАДАМОВА
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓