Ардагерлер құрметке бөленді

Ұлы Отан соғысының Жеңіс   күні мерекесін атап  өту   әлі де жалғасуда. Таяуда облыстық Марал ишан мешітінің және Қазақстан қажылар қауымдастығы облыстық филиалының ұйымдастыруымен арнайы шара өткізілді. Оның мақсаты – соғыс ардагерлеріне құрмет көрсету болды.
Сонымен қатар жиынға қажылар, меценаттар, тұрмысы қиын балалар мен мүгедек балалар интернатында тәрбиеленушілер, дін қызметкерлері шақырылды.
Бүгінгі күндері сұрапыл соғыс туралы отжалынның ортасында жүргендерден басқа ешкімде айтып бере  алмайды, – деді Жақсылық Ғайсин.
Қазақстан қажылар қауымдастығы облыстық филиалының төрағасы Жақсылық Ғайсин басқосудағы сөзін осылай бастай келе,  соғыс ардагерлеріне естелік айтуды ұсынды. Ардагерлер Қажи Маманов,  Михаил Подоляков, Қасымхан Алдабергенов, Бертран Рубинштейн және басқалар қысқаша майданда бастан кешкен оқиғалар туралы баяндады.
Қасымхан Алдабергенов майдандағы қарулас, ақын досының әнін домбырамен шырқап берді. Облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Кенжебек Үкин таяуда  Ленинград облысына барып қайтты. Ұлы Отан соғысына қатысып, қаза тапқан туысының қабірін тауып алып, дұға оқытқанын тілге тиек етті.
Жиында тұрмысы төмен отбасындағы балаларға және мүгедек балалар интернатында тәрбиеленушілерге де құрмет көрсетілді. Солардың арасында өнерге құштар балалар ән шырқады.
Айта кету керек, арнайы кездесу "Думан" кафесінде өткізіліп, қонақтарға дастарқан жайылды.
Ермекбай
     ХАСЕНОВ
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓