Ата-аналарға нені білу маңызды?

Ұлттық бірыңғай тестілеу қарсаңында алғаш рет елімізде өткен бірыңғай ата-аналар жиналысы "Жасөспірімнің ҰБТ тапсыруға дайындығы кезінде ата-аналарға психологиялық көмек көрсету" тақырыбына арналды.
Ата-аналарға арналған бірың-ғай сондай жиналыстың бірі Ы.Алтынсарин атындағы дарынды балаларға арналған мектеп-интернатында болды. Осы  жиналыс жобасын ұйымдастырушысы республикамыздағы Отбасылық Тәрбиелеу Институты болып табылса, "Нұр Отан" партиясы мен ҚР Білім және ғылым министрлігі қолдау көрсетті.
Жиналыс аясында мектеп директоры Ғ.Қарпықова, облыстық мәслихат депутаты, ҚӘТУ ректоры  Қ.Жаманбалин сөз сөйледі ал, облыстық білім басқармасының өкілі Н.Арынғазиева вице-министр Т.Балықбаевтың ата-аналар жиналысына арналған хатын оқып берді. Содан кейін ата-аналар алдында Отбасылық Тәрбиелеу Институтында "Орта және мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының психолог-педагогикалық мамандарының білікті-ліктерін арттыру" жобасы бойынша білім алған психолог маман  Ж.Тұрсынбаева сөз сөйлеп, Ұлт-тық бірыңғай тестілеу, емтихан  тапсыру қарсаңында ата-аналар ең алдымен нені білуі маңызды, қандай мәселеге мән беруі керек? деген секілді мәселелерге тоқталып кетті.
Жиналған ата-аналарға бірнеше бейнероликтер көрсетілді. Бұл бейнероликтер отбасындағы әке мен бала, ата-ана мен бала арасындағы  қарым-қатынас, ана рөлі туралы болды. Психолог мамандардың айтуынша,  оқушы балаларымыз емтихан, ҰБТ тапсыру барысында өзі-өзін бір қалыпты ұстауы әбден, неге десеңіз ол  бірнеше рет тест тапсыру пунктінде немесе мектебінде  тест, емтихан тапсырды емес пе. Ал, ата-ана болса, кей кезде  "ата-аналық уайымға салынып",  оқиғаны шиеленістіріп, балаға жоғары талап қойып, біраз әбігерге түсіреді екен.  Міне, осы орайда баланың да, өзі-өзіміздің де мазамызды алмау, әбігерге түспеу үшін бірнеше қағиданы естен шығармағанымыз жөн.   Алдымен ата-ана  баласына күні бойы "ҰБТ-ға дайындал, дайындал" деп  ешқайда  жібермей отырғызып қою, психологтың айтуынша мүлде қате. Сондықтан  ата-ана  ең алдымен баласының күн тәртібіне, дұрыс, құнарлы тамақтануына, эмоциялық жағдайына мән беруі қажет, қолпаштап, мақтап қойған да  артық болмайды. Жиналыс аясында ата-аналар он сұрақтан тұратын сауалнамаға жауап берді, содан кейін оларға жадынама таратылды. 
Гүлназым
    САҒИТОВА
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓