Жасыл шырша жанында

Ертегідегі керемет пен ұшқыр қиялдың шарықтар сәті  – Жаңа жыл болғандықтан, үлкен мен кіші де бұл мерекені асыға күтеді. Ал аудан әкімінің дәстүрлі шыршасы жаңа жылда балалардың осы қуанышын еселей түсетін күн. Осы дәстүрлі үрдіс бойынша аудан әкімнің шыршасы биылғы жылы Н.Г.Иванов атында орта мектепте өз жалғасын тапты.
DSCF1310Аудандық білім беру бөлімінің ұйымдастыруымен өткен шыршаға көп балалы және жағдайы төмен отбасылар мен ауылдық округтар мен аудан мектептерінің оқу озаттары  шақырылған.
Жасыл шырша жанына жиналған балаларды құттықтауға аудан әкімі Асқарбек Ахметбекұлы арнайы келіп, “Ел болашағының негізі болып табылатын жас бүлдіршіндеріміз тәуелсіз Қазақстанның байрағын көкке желбіретер, денсаулығы мықты патриот азамат болып өсуіне жағдай жасау біздің борышымыз. Жаңа жылдық мереке балалардың асыға, шынайы ғажапты, сыйлықтарды күтетін мереке. Сондықтан біз, осы мерекеге орай көмегімізді аямай, жылы лебіздерімізді білдіріп, сыйлықтарымызбен қуантқымыз келеді”, – деп балаларға мерекелік сыйлықтар ұсынды.Сонымен қатар облыс әкімінің құттықтау хатын  Н.Иванов атындағы орта мектептің 1 сынып оқушысы А.Бақтыбайға арнайы табыс етті.
Құттықтаудан кейін балалар қызықты көріністерді тамашалап, ертегі кейіпкерлерімен бірге өлең айтып, би биледі. Өнерлерін ортаға салып, Ақшақар мен Аяз атаны қуантты.  Өз кезектерінде сыйлыққа да кенелді. Сондай-ақ мереке барысында балаларға арналған концерттік бағдарламалар мен жаңа жылдық қойылымдар көрсетілді.
Түрлі-түсті киімді жас жеткіншектердің қуанышты дауыстары мен бал-бұл жанған жүздері дәстүрлі аудан әкімі шыршасының басты белгісіне айналды.
Есігімізден еніп, төрімізден орын алатын Жаңа жыл қуаныштары жер бетіндегі барша адамдар үшін ортақ мереке, әсіресе, оның балалар өмірінде алар орны айрықша екеніне бүгін тағы көзіміз жетті. Олай дейтініміз аудан әкімнің шыршасы балғын балалардың жүздеріне қуаныш сезімін ұялатты.
 
 Байбатыр Ахметбеков
 Жанкелдин ауданы
                                                                         

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓