ТҚК өз жұмысын қорытындылады
Аудан әкімі Эльдар Күзенбаевтың төрағалығымен өткен терроризимгеқарсы комиссия отырысында жылдық жұмыс қорытындыланды.
Басқосу барысында жемісті жұмыстар нәтижесі сараланып, тапсырмаларға толы келер жылдың да жоспары таныстырылды.

Ал, ақпараттық-насихат тобының есебінше, өңірде 47 шара өткізіліп, яғни 3000-нан астам адам қамтылған. Жастар арасында осы мәселенің алдын алу мақсатында дінтану тәлімгерлері түрлі шаралар ұйымдастырған. Айталық, ауданның білім мекемелерінде дәл осындай 23 мұғалім бар, соның 5-і біліктіліктерін жетілдіру курстарынан өткен.
Жалпы, осы отырыс қорытындысында аудан басшысы АНТ жұмысына қанағаттанарлық баға беріп, комиссия мүшелеріне келесі жұмыс барысында нысаншылдыққа жол бермеу керектігін айтты. Сондай-ақ, Эльдар Қонысбайұлы теміржол бекеті маңына экстремизм мен терроризмгеқарсы ақпарат көзімен қамтылған билборд ілуге тапсырма берді.
Руслан Әлкеев
Сарыкөл ауданы