Мерекенің мәртебелі меймандары болды
Бүгін Сарыкөл ауданында шаттықтың шырайын шашқан дарынды балалардың жаңа жылдық шыршасы шымылдырығын түрді.

Сондай-ақ, өз кезектерінде сөз алған дарынды балалар да аудан басшысына алғыстарын білдіріп, болашақта туған өлкелері үшін тер төгіп, ел сенімін ақтайтын азамат болатыдықтарын айтты.

Жалпы, биыл ауданда алғаш рет жаңа нұсқада өткізілген шырша кешінің бірінші бөлімі құттықтаудан құралса, ал келесі кезеңдері шығармашылық және би деп бөлінді.
Мұнда қатысқандардың бәрі де өз өнерлерін барынша көрсетіп, мерекенің мәнін одан сайын аша түсті. Яғни, бұл қуаныштан әрқайсысы ерекше әсер алды. Қысқасы, мерекенің мәртебелі меймандары болған дарынды балалар келе жатқан жаңа жылды осылайша қарсы алды.
Руслан Әлкеев
Сарыкөл ауданы