Үздіктер марапатталды

DSC_0684Бүгін Қостанай шаһарын жаңа жылдық безендіру жөніндегі қалалық байқаудың қорытындысы шығарылып, жеңімпаздар марапатталды.
 
DSC_0674Шаһарды  Жаңа жылдық безендіру – бұл қала тұрғындары үшін мерекелік жағымды  көңіл – күй сыйлайтын  қадамдардың бірі болып табылады.
Қаланы мерекеге сай безендіру жұмыстары 20 қарашадан 15 желтоқсан аралығында өткізілді. Оған облыс орталығындағы барлық кәсіпорындар мен мекемелер белсенді   атсалысты.
Облыс орталығындағы ең әдемі безендірілген ұжымдарды анықтау үшін арнайы құрылған комиссияға үздіктерді анықтау оңай болған жоқ.
DSC_0686Сонымен  «Жоғары және орта арнаулы оқу орындары арасында үздік жаңажылдық безендіру» номинациясында
№18 мектеп-гимназия, №2 мектеп лицей,  №16 балабақша, №24 А білім ордалары  үздік деп танылса, «Қала кәсіпорындары мен ұйымдарының үздік жаңажылдық безендірулері» номинациясы бойынша «БК-маркет»  және «АБЗ+» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктері мен «Аквалидер» дүкені  жүлделі орындарға ие болды.
Ал «Мемлекеттік мекемелер, мемлекеттік коммуналдық кәсіпорындар, арасында үздік жаңажылдық безендіру» номинациясында  облыстық білім басқармасы, жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы , қалалық білім бөлімі  жүлдегер  атанды.
Байқау жеңімпаздары арнайы дипломдар мен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.
 
Мешіт Ғазиз

 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓