Аяз ата-Ақша қар жолға шықты
Қостанайлық бір топ Аяз ата мен Ақша қар сыйлық толы күймеге қос ат жегіп жолға шықты. Олар қаладағы жағдайы төмен отбасылар мен ата-ана қамқорлығынан тыс қалған балаларды қуантпақ. Мультфильмнен ғана көретін мұндай көрініс Жаңа жыл қарсаңында ақиқатқа айналғандай.

Өнегелі акция қалалық әкімдік ғимаратынан бастау алды. Шаһар басшысы көпшілікті келе жатқан Жаңа жыл мерекесімен құттықтап, бірнеше балаға планшеттер мен тәтті сыйлықтарды табыстады.
Сыйлыққа толы ақ күйме
Қостанай қаласының әкімі Ахмедбек Ахметжанов көпшілікті Жаңа жылмен құттықтауда
Бар мейірім-балаларға!
Қымбат Досжанова
Суреттерді түсірген Айбек Жүзбай