Науқан қызған шақ

Қостанай облысында орақ науқаны қызу жүріп жатыр. Биыл өңір диқандары қамбаға 4 млн тонна астық құюды жоспарлап отыр. Ауыл шаруашылығы басқармасының мәліметінше, өңірде бүгінге дейін 700 мың гектардан астам алқап орылған. Әзір­ге бидай түсімі орта есеппен гектарына 10 центнерден келуде.​zerno_21Осы жылы аймақты 4,1 млн гектар алқапқа дәнді дақыл егілді. Оның 84,8%-і – бидай, ал 640,5 мың гектар жерге майлы дақылдар сіңірілген. 
Мамандардың айтуынша, шілдеде басталған аптап ыстықтан астық тез жетілген. Сондықтан облыста орақ науқаны жылдағыдан ерте бас­талды. Диқандар әу баста науқанға қарқынды кіріскен еді, әйткенмен, бір апта бойы жауған жаңбыр кедергі болып, техника тоқтап қалды. Алайда тамыздың соңы тамылжыған шуаққа ұласып, он шақты күндей тұрып қалған дала кемелері дәнді алқапқа қайта шыққан.
Орақтың алдын әдеттегідей облыстың оңтүстік аудандары бас­тап келеді. Мәселен, Әулие­көл ауданының диқандары ал­қап­тағы бидайдың 30 пайызға жуығын бастырып үлгерген.
Соңғы бірнеше жыл бойы жер­ден өнім ала алмай, шы­ғынға батып, қарызы көбейген Науыр­зым ауданының диқандарына да биыл табиғат жомарт сыңай танытып тұрған сияқты. Ауданда 242 мың гектар алқапқа дәнді да­қыл егілген. Оның 241 мы­ңын бид­ай, 19 мыңын арпа,9 мың­ға жуығын майлы дақыл алып жатыр.
"Жаңбыр жауып, 1-2 апта­дай тұрып қалдық. Одан кейін, міне, бір жетіден бері орақ қызып тұр. Барлық шаруашылықтар алқапта. Былтыр қуаңшылық салдарынан бидай түсімі гектарына небәрі 3,2 центнер болған. Биыл орта есеппен әр гектардан 7 центнер бидай алуды көздеп отырмыз. Бірақ өнім бұдан да жоғары болуы мүмкін. 3400 тонна жағармай қоры бар. Бәрі алып жатыр. Алдыгүні Дәмді жақта болдым, кеше аудан әкімімен Буревестникте болып қайттық. Орақ науқаны қарқынды жүріп жатыр. Ауа райы осы қалпынан айнымаса, астықты белгіленген мерзім ішінде шашаусыз жинап аламыз, – деді аудан әкімінің орынбасары Қабидолла Омаров.
Дегенмен, Қостанай асты­ғы­ның негізгі қорын солтүстік аудандар береді. Бұл өңірдегі ірі ша­руашылықтардың бірі – «Қар­қын» агрофирмасы. Серіктестік басшысының сө­зінше, бүгінге дейін шаруа­шы­лық астықтың тең жартысын жинап алған.
Жалпы, биыл Қостанай об­лысы дақылдарды әртарап­тандыру бойынша жоғарғы көрсеткішке қол жеткізіп отыр. Об­лыстағы май­лы дақыл көлемі өткен жыл­ғыдан 130,4 мың гек­тарға артық. Алқаптарды әрта­раптандыру шеңберінде өңірде соң­ғы 4 жыл ішінде майлы да­қылдар алқабы 289,1 мың гектарға ұлғайған.
Бүгінде облыстың егін ал­қап­­тарында 9 мыңнан астам ком­байн толассыз жұмыс істеп жатыр.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓