Тәрбиенің алғашқы баспалдағы – балабақша

№6 бөбекжай-бақша тәрбиешілері ҚР жалпыға білім беру стандарттарын негізге ала отырып, "Бал-бөбек", "Мектепке дейінгі білім беру бағдарламасы", "Балабақшада 5-6 жастағы балаларды мектепалды даярлау" бағдарламаларын жүзеге асыруда. "Зерек бала" (3-4 жас), "Біз мектепке барамыз" (5-6 жас) бағдарламалары бойынша жұмыс жүргізіп келеді. Білім берудің "Денсаулық", "Қатынас", "Таным", "Шығармашылық", "Әлеуметтік орта" қатарлы түрлі салалы бағыттары бойынша жаңа білім беру үлгілері қалыптасқан. Осы бағыттарда балаларға білім берудеміз.
Білім берумен қатар, балалардың танымдылығын қалыптастыру қалыс қалмаған. Атап айтсақ, әр топтарда ілінген мемлекеттік рәміздер бүлдіршіндерді патриоттық рухта тәрбиелеуге бағытталған. Мақсат – Туды, Елтаңбаны және Әнұранды бір-бірінен ажырата білуді ғана үйрету емес, балаларға рәміздерді құрмет- теуге, қастерлеуге рәміздерді бәрінен биік ұстауға, олардың әр эле- менттерін, бөлшек атауларын жатқа білуге тәрбиелеу. Ал бөбекжай-бақшадағы бөлме гүлдері мен аквариумдар да балалардың табиғатты аялауға қызығушылығын арттыра түседі.

Балабақшамызда ұлттық өнерді сүйетін балаларға музыка, би үйірмелері жұмыс жасайды. Балалардың жан-жақты дамуына музыка жетекшілері Надежда Киевская, Сабина Оразалиналар, хореограф Орынбасар Сейітовалардың еңбегі зор. Ізденімпаз ұжым соңғы жылдары айтарлықтай жетістіктерге қол жеткізіп жүр. Бұрыннан қызмет етіп келе жат-қан тәлімгер ұстаздардың еңбегін балабақша ұжымы мен ата-аналар ерекше бағалайды.
Алмагүл ЖАҚАНОВА,
Маралдым ЖАУКИНА,
Қостанай қалалық №6 бөбекжай-бақшаның тәрбиешілері.
СуреттеРДЕ: №6 бөбекжай-бақшада өткен іс-шарадан көріністер.
Суреттерді түсірген
Бағдат АХМЕТБЕКОВ.