Арманға биік қол созған

Шоқан Уәлиханов атындағы Әулиекөл орта мектебі биылғы оқу жылында толағай табыстарға қол жеткізді. Мектебіміздің білікті ұстаздары мен білімді оқушылары көптеген байқаулар мен сайыстарға, олимпиадалар мен конференцияларға қатысып,  мектеп  абыройын, туған ел абыройын асқақтатып жүр.  Жуырда білім ордасы тағы  бір қуанышқа кенелді.мини
      Ш.Уәлиханов атындағы Әулиекөл орта мектебінің 11 «Ә» сынып оқушысы Диана Ғалымова таяуда Байқоңыр қаласында өткен «Ғылым әлемін ашу» халықаралық ғылыми-практикалық конференцияда «Жылу электр станцияларынан бөлінетін заттардың адам ағзасына әсері» атты өзінің ғылыми жобасын «экология және космостық іс-әрекеттері» секциясында қорғап, мектеп мәртебесімен қатар облыс намысын сәтті қорғап шықты.
        Осылайша, Диана бес секция бойынша қатысқан 200-дей оқушының ішінен жүлделі 2-орынды иеленді.  
        «Елдің келешегі бүгінгі жастардың қолында, ал жас ұрпақтың тағдыры ұстаздың қолында», – деп Елбасы айтқандай, қазіргі заман талабына сай әр баланың қабілетіне қарай дарындылығын дамыту, білім бәйгесінде, дүбірлі   жарыстарда жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар шәкірт шығару – ұстаздың ерен еңбегінің жемісі.
      Диананың талантын ұштап, ғылымға жетелеген жетекші ұстазы, биология пәнінің мұғалімі, білікті ұстаз Күлпаш Оразбекова. 
       Шоқан Уәлиханов атындағы Әулиекөл орта мектебінің ұстаздар және оқушылар ұжымы  республикалық байқау жүлдегерін зор қошаметпен қарсы алды. Динаға гүл шоқтарын ұсынып, игі тілектерін айтты. Диана өз ойымен бөлісті:
       -Байқау, шын мәнінде, өте жоғары деңгейде өтті. Елімізде білім мен ғылымның көгіне қол созған дарынды жастар көп екен. Мен соған қуандым. Келешекте біз сияқты жастар Қазақстанның дамуына өз үлесімізді қосып жатсақ, керемет емес пе! Мен бұл жеңісімді туған мектебіме арнаймын. Келешекте бұдан зор биіктерге жетуді көздеймін, – деді Диана Асхатқызы.  
 
 
 
Жібек   Болжабаева,
Әулиекөл ауданы.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓