Информатика 1-сыныптан оқытылады
ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов мектепте білім беру садасында жаңашылдық енгелі отырғанын мәлімдеді.
Бұдан былай информатика пәні 1-сыныптан бастап оқытылмақ. Өйткені, министрдің айтуынша, цифрлық машықтар қазіргі таңда әлем бойынша ең басты қажеттілікке айналып отыр.
"Информатика туралы айтар болсақ, біз жыл сайын осы пәнді оқитын сыныптар санын ұлғайта түсудеміз, яғни шартты түрде 2010 жылдың басында оқушылар 7-сыныптан бастап оқыса, кейін бесінші сынтыптарға, одан соң төртінші, үшінші сыныптарға енгізілді. А енді биыл жаңа оқу жылынан бастап оқушылар цифрлық сауаттылыққа 1-сыныптан бастап үйренетін болады", – деп мәлімдеді министр.
1-сынып оқушылары алгоритмика, киберқауіпсіздік және ақпараттық гигиенаны оқымақ. Бұл өскелең ұрпаққа жаһандық цифрландыру дәуірінде ауадай қажет игіліктерді игеруге мүмкіндік береді.