Берекелі Байғабыл
Байғабыл ауылдық округі
Халық саны – 975 адам
Аула саны – 180
Ауылдық округ бойынша
79 зейнеткер бар.
"Алтын алқа" иегерлері – 31
Басты жаңалығыңыз қандай?
Ауылдықтар үшін су құбырының тартылуы басты жаңалық болып шықты. Биылғы жылы Байғабыл ауылдық округіне "Ақ бұлақ" мемлекеттік бағдарламасы аясында су жүйесін қайта құрылымдау жобасы бойынша 176,5 миллион теңге бөлінген екен. Жалпы алғанда, облыс бойынша "Ақ бұлақ–2020" бағдарламасы бойынша 4,1 млрд. теңгенің 15 жобасы жүзеге асырылуы тиіс болған. Аталмыш бағдарламаның негізгі мақсаты – халықты ауыз сумен қамтамасыз ету. Межелі мақсат орындалды. Ауылға су тартылды.
Байғабыл ауылдық округінің әкімі:
Тұрғындардың көптен күткен арманы – су құбырының өткізілуі еді. Жұмысты жылдам әрі сапалы жүргізу үшін ауылдың бір топ азаматы да аянбай еңбек етті. Оларға өз атымнан шексіз ал-ғысымды білдір-мекпін. Бұл халық үшін жасалып жатқан игілікті іс. Тіршілік нәрі әр үйге жеткі-зілді. Сондай-ақ, ауылдағы мешітке де су құбыры өткізілді. Еңбектеген сәбиден еңкейген кәріге дейін мәре-сәре болып, қуанып қалдық.
Ауыл шаруашылығындағы ауқымды іс
Жиынның келесі тақырыбы – ауыл шаруашылығына арналған еді. Байғабыл ауылында 59 шаруа қожалығы бар. Соған байланысты болар, ауылда мал ша-руашылығын дамыту, ірі қара малды асылдандыру, жем-шөптің мол қорын дайындау жұмыстары жоспарлы түрде жүзеге асырылады. Биылғы жылы 14 мың тоннадан астам мал азығы қамдалған. Көрсеткіштің былтырғы жылмен салыстырғанда жоғары екенін айта кеткен жөн. Шағын және орта бизнесті қолдау және "Сыбаға" бағдарламаларын жүзеге асырудың нәтижесінде мал шаруашылығын жетілдіріп, инвестиция тарту мүмкіндіктері қарастырылған. Үстіміздегі жылы төрт түлікті бірдейлендіру жұмыстары қолға алынды. 2014 жылдың 1 қаңтарына ірі қара мал 3000-нан асса, қой-ешкінің саны – 8732, жылқы – 1264 жетті. "Жұмыспен қамту–2020 жол картасы" бағдарламасының 3 бағыты бойынша биылғы жылы 3 азамат несие алуға ұсыныс білдірген. Қазіргі уақытта аудандық жұмыспен қамту орталығы арқылы тиісті құжаттарын дайындауда. Болашақ бизнесмендер де ауыл шаруашылық саласымен айналыспақ ниетте.
Білім – болашақтың кілті
Жазушы Ақан Нұрманов атындағы орта мектеп – Байғабыл ауылындағы қоғамдық іс-шаралардың, мәдени жиындардың алтын ордасына айналған. Білікті ұстаз Шоңғалов Қуандық басшылық ететін орта мектепте 204 оқушы білім алады. "Айсұлу" мектепке дейінгі шағын орталығында – 75 бүлдіршін тәрбиеленеді. Мемлекеттік бағдарламалар арқылы мектепке жас мамандардың келуі білім сапасының арттыруына зор көмегін тигізуде. Мысалы, білім ошағында оқитын Балым Құланбай мен Нұрдана Тұрысбек – облыстық, республикалық сайыстардың жүлдегерлері. Ал, спорт саласына тоқталар болсақ, байғабылдықтармен толықтырылған аудандық волейбол командасы облыстық жарыстардан бірнеше мәрте жеңіспен оралыпты.
"Гүлденсе ауыл, гүлденеміз бәріміз…"
Ауылда Б.Байқадамов атындағы мәдениет үйі халыққа қызмет көрсетеді. Біраз жылдан бері мәдениет ордасы жөндеуді қажет етіп жүрген болатын. 2014 жылы "Аумақтарды дамыту" бағдарламасы аясында 4 млн.теңге бөлініп, жылу қазандығы қайта жаңартылды. 117 мың теңгеге ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді. 2013 жылы осы бағдарлама аясында шатыры жөнделді.
Байғабыл ауылдық округі әкімдігінің бас маманы:
Ауыл – өнердің ордасы. Ән-биге жақын тұрғындарымыз осы мәдениет үйінің жөнделуін асыға күткен еді. Жаңарған ғимараттың іші жарық, әрі жылы. Шатыры жаңарып, жылу қазандықтары қайта ауыстырылғаннан соң мәдениет үйінің сәні кірді. Бұрын-ғыдай өнерге асыққан жастар легін көріп қуанып қаламыз.
Байғабыл ауылында 3 дүкен жұмыс істейді. Сау-да орындарындағы азық-түлік пен тұрмыстық заттардың құны аудан орталығындағы бағамен салыстырғанда арзан болып шықты. Мәселен, 1 келі қант-тың бағасы аудан орталығында 190 теңге болса, Байғабылдағы дүкендерде 180 теңгеден сатылады.
Іс-сапарымызда Байғабыл ауылының тұрмысы түзу екенін аңғардық. Әлеуметтік-экономикалық жағдайы жақсарған елді-мекеннің жағымды жаңалықтары жетерлік. Ең бастысы – ел тұрғындары еш нәрседен тарықпай, еркін өмір сүріп жатқанын жеткізді.
Қасқырбай Қойшыманов.