Бизнеске бастау болған бағдарлама
Қостанай облысы көлемінде 2013 жылғы 1 сәуір айының көрсеткіші бойынша "БЖК – 2020" Бағдарлама бойынша жалпы сомасы 1 257,4 млн. теңге сомасына Бағдарламаның бірінші және үшінші бағыты бойынша 20 субсидиялау шартына қол қойылды, оның ішінде 1 кепілдеу шарты. Субсидиялау бойынша жалпы сомасы 1 021,5 млн.теңге сомаға 14 жоба, бөлшектеп кепілдендіру бойынша 2 жоба мақұлданды.
Көпшілік арасында бірден кең тарап, танымал болған "Бизнестің жол картасы – 2020" бағдарламасы бүгінде көптеген кәсіпкерлердің түйінді мәселелерін шешіп, оларды дамытуға жол ашқаны белгілі. Қазіргі кезде жаңадан бастайтын және де істеп жүрген кәсіпкерлер үшін мемлекет тарапынан үлкен қолдау көрсетіледі. Мемлекеттік бағдарламалардың бірқатары сұранысқа ие, олардың ішінде "Бизнестің жол картасы – 2020". Қостанай облысы бойынша "Даму" кәсіпкерлікті дамыту қоры" АҚ аймақтық филиалы жеке кәсіпкерлік субъектілердің қарыздарын субсидиялау және кепілдендіру бойынша бағдарламаның 1 және 3 бағыттарын жүзеге асыру бойынша қорытынды жасады. Жетістіктермен қатар бағдарламаға қатысты өзгерістер бар. Осы орайда Бас менеджер Елена Огановаға бірнеше сұрақтар қойған едік.
– Елена Сергеевна, сыйақы мөлшерін субсидиялау бойынша "БЖК-2020" бағдарламасына қандай өзгертулер енгізілді?
– Қаржы лизингтік несиелер шарт-тары бойынша сыйақы мөлшерін субсидиялау 750 млн.теңгеден, 4,5 млрд.теңгеден асатын жобалар үшін субсидиялау бойынша қосымша талаптар бар. Алдымен айтарым, жүзеге асқан жобада 10% кем емес жаңа (тұрақты) жұмыс орындары болуы қажет. Оның 50% халықты жұмыспен қамту орталықтарында тіркелген жастардан тұрады. Ал несиенің сомасы 1,5 млрд.теңгеден артатын жобалар республикалық индустрияландыру картасына енгізілуі қажет. АҮК-ке жобаны шығаруға дейін 1 жыл ішінде банктермен лизингтік компаниялармен берілген несиелер "Жаңа несиелерге" жатады.
– Бағдарламадағы 4-ші пакет шеңберінде кепілдендіру бойынша қабылданған негізгі өзгертулер жайында да айта кетсеңіз.
– Ұйымдардың бөлігін, акцияларын сатып алуға бағытталған несие-лерге кепілдік берілмейді. 100% айналым құралдарын толықтыруына бағытталған, 60 млн.теңгеден аспайтын мөлшерде несиені кепілдеу жағдайында, несие бойынша пайыздық мөлшерін субсидиялауға жіберіледі. Және де болашақ кәсіпкер "БЖК – 2020" немесе "Жұмыспен қамту жол картасы – 2020" бағдарламасы аясында оқудан өтуі керек.
– Осы бағдарламаға сай 4-ші бағытта елең еткізер нендей жаңашылдықтар бар?
– Бұл бағытқа да өзгертулер мен толықтырулар енгізіліп отыр. Қысқаша айтар болсам, "Бизнес-Кеңесші" жобасы жобаларға бөлінді. "Бизнес-Кеңесші-І" – кәсіпкерліктің негіздеріне оқыту және "Бизнес-Кеңесші-ІІ" – бизнесті жүргізу және дамыту тақырыптары бойынша кәсіпкерлерді оқыту. Бағдарлама шеңберінде өтінімдерді тапсыратын тұлғалардың кәсіпкер-ліктің негіздеріне оқуды өту талабын енгізу де қарастырылған. Жастарды қолдау мақсатында "Жас кә-сіпкер мектебі" жобасы қолға алынды. Оның аясында ҚР 18-ден 29 жасқа дейінгі азаматтар кәсіпкерлік негіздеріне оқи алады. Жоба жастардың инновациялық және кәсіп-керлік потенциалын ашуға, тыңдаушыларда өз бизнесін құруға және/немесе дамуға жеткілікті кәсіби және жеке құзыретін қалыптасу жолымен жас адамдарды кәсіпкерлік қызметіне белсенді қатыстыруына бағытталған.
Айтолқын
АЙҚАДАМОВА