Облыс әкімі сауалдар қабылдайды
2019 жылғы 22 ақпанда Қостанай облысының әкімі А.Б. Мұхамбетовтің халық алдында есеп беруіне арналған қорытынды кездесуі өтеді. Есеп беру кездесуіне дайындық шеңберінде облыс тұрғындарынан сұрақтар қабылдау жүзеге асырылады. Сұрақтар мен ұсыныстар 1 ақпанға дейін қабылданады: әкімнің blogs.egov.kz блогына, 8 (7142) 575-057 телефон бойынша, 917 тегін нөмірге SMS-хабарлама арқылы (Beeline байланыс операторы).
Сондай-ақ, оларды жабаша түрде Қостанай қаласы, Әл-Фараби даңғылы, 66 мекенжайына «Есеп беру кездесуінің шеңберінде» деген белгімен жіберуге болады.