Тарихи тағылымды кездесу

Тарихи тагылымы Жанкелдин ауд.Даланың дара ұстазы атанған Ыбырай Алтынсарин атамыздың өз қолымен қалаған мектебінің 150 жылдығы туралы аз жазылмағанын білемін. Екі күнге созылған мерекелік іс-шараның басы- қасында атақ-дәрежесін ақпарат беттерінен оқып не болмаса теледидар бағдарламаларынан көріп қана жүрген ғалым аға-апаларымызбен жүздестік.
Сонау бір жылдары Ыбырай мектебін тарыдай болып аттап, білім нәріне бөленіп, қанаттарын қатайтып бала күннен армандаған мамандықтың оқуына түсу үшін қалаға аттанып, ғылым-білімнің соңына түскен Ыбырай атамыздың үміт артқан ізбасарлары  50-60 жылды араға салып,  тұңғыш ағартушымыздың құрметіне арналған айтулы мерекенің ұйтқысы болып, төрінен орын алып отырамыз деп әсте ойламаған болар. Ыбырай мектебінің жоғары сынып оқушылары бүкіл әлем мойындаған химия-биология ғылымдарының докторы, халықаралық педагогика ғылымдарының академиясының академигі, профессор Оразхан Аймақовпен кездесіп, ол кісінің тарихтан сыр шертетін тағылымды әңгімелерін ұйып тыңдады.
Мектеп оқушылары өздерін қызықтыратын сауалдарын қойып, пікір алысты. Ал 11 сынып оқушылары Гауһар Мұрат, Айдана Қапарова, Дарын Ғабсалық пен Мәдина Мұрат ғалым аталарынан мол мағлұмат алғандарын шынайы алғыспен жеткізді.
Мен де ғалым ағамыздың өмір өткелдеріне тоқталып өтуді жөн санап отырмын.  Оразхан Аймақов 1941 жылы Торғай өңірінде дүниеге келген. Ы.Алтынсарин  мектебін  тәмамдап,  Қарағанды    мемлекеттік  педагогика институтын 1963 жылы  аяқтаса,  алғаш  еңбек  жолы  Ыбырай мектебінен бастау алады. Бала күннен білімге құштарлығы басым жас маман бір жолата ғылым жолына ден қойып, егемен еліміздің бас қалалары болып саналатын Қарағанды, Целиноград (қазіргі Ақмола), Көкшетау қалаларындағы жоғары оқу орындарында аға оқытушылықтан бастап кафедра меңгерушілік қызметін қоса ала жүріп химия саласында 220-дай ғылыми еңбектің авторы,оның ішінде 20 кітап, бірнеше әдістемелік құралдары жарық көреді. Бес авторлық куәлік пен үш патенттің иегері атанды. Сонымен қатар Ресей мен Қазақстанның азаматтығын алып жүрген  ғалым  ағамыз  алғашында  Мәс-кеудегі А.Несмянов атындағы РАН ИНЭОС-тың аға ғылыми қызметкері кейін кафедра  меңгерушісі  қызметтерін  де атқарған. 2006 жылы "Жоғары оқу орындарының үздік оқытушысы" мемлекеттік грантын иеленген. Ломоносов атындағы университетінде, Польшаның жоғары оқу орындарында бүгіндері Оразхан Аймақов атындағы ғылыми зерттеу лабораториялары жұмыс жасап келеді.
Шындығында да ғалым ағамыздың жұмыс сапарымен барған шет мемлекеттерін санап шығу мүмкін емес. Мысалы алпауыт дамыған ел болып саналатын Жапонияға барғанда және Партугалияға барған сапарында айрықша есте қалған естелігін былайша жеткізді. "Күншығыс пен Күнбатыста болып Торғайыма келгенімде  күннің шыққанын, күннің батқанын көрдім. Осындай жәйттарға жас күнімізде көп мән бере бермейді екенбіз, ұлтарақтай ғана жеріме ештеңе жетпейді екен", – деп кеңінен бір тыныстап алды. Осыдан елу жыл бұрын ғалым ағамыз Ыбырай атамыздың өз қолымен қалаған мектептің 100 жылдығын атап өткенде жоғары  оқу  орынды  бітіріп келіп жұ-мысқа қабылданған жас маманның Ыбырай ізбасарларына дәріс беруді бастаған  қиындығы мен қызығы мол мектеп өмірінен естеліктер айтты. Интернет желісі арқылы ғалым ағам жайлы мол мағлұмат алуды жөн санаған болатынмын. Бәлкім көкшелік қаламгердің мақаласынан уақытында хабардар болғанда шығар оқырмандарым, өз басым қуа-нышты  жағдайға тап болдым десем де болады. Кеңес заманында Көкшетаудағы "Васильков" атанған кенішін Елбасымыздың қалауымен "Алтынтау" атанған зауыты жөнінде жазған қаламгеріміздің мақаласынан үзінді келтіре кетсем деймін.
– Мұнай өндірісіне еш қатысы болмаса да, әлемде алғаш болып отандық жаңа "антизонант-винфен" құрылғысын ойлап тапқан көкшелік ғалым Оразхан Аймақов болатын. Дегенмен осы азаматтың технологиялық тәжірибесі негізінде Шымкентте "Интерком-шина" өндіріс-тік бірлестігінде сынақ жүргізіліп, аталған жобаның табиғатқа еш зиян тигізбейтіні және экологиялық таза өнім өн-діруге мүмкіндік беретіні анықталған.
   Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің ұстазы, химия-биология ғылымының докторы Аймақов Оразхан ағамыз сөз арасында "мен  күн-түн  демей  еңбектеніп шығарған дүниемнің отандық өндіріске қасықтай болса да пайдасын әкелетініне шек-сіз  қуаныштымын.  Бұл технология арқылы ендігі кезекте резина қоспаларын алу өндірісінде дөңгелектердің қолдану мүмкіндігін жоғарылатуға мүмкіндік туады", – деді. Мінекей Оразхан аға-мыздың өзі айтқандай, тамшыдай дүниелерін тізбектеп шығу мүмкін емес. Болашағының ертеңін ойлаған ғалым Елбасымызға хат жолдап Көкшетаудың мемлекеттік университетінде биотехнология факультетінің  ашылуына  мұрындық  болғандығын және де жаңадан ашылған факультетке студенттер қабылданып жатқандығын жеткізді. Оразхан ағамыздың Отанына жасаған тамшыдай дүниелерін қасықтап бір арнаға жинар болса толағай теңіз болары анық. "Ғалымның хаты өлмейді" деген қазақтың маржан сөзі осындай біртуар ерекше жандарға арналып айтылса керек. Кездесу соңында естелік болып қалсын деген мақсатта шет мемлекеттерден арнайы алып келген қаламсабын оқушыларға үлестіріп беріп, ғылыми оқулықтарын ұстаздарға таратты. Тарихи тағылымды кездесу жас ұрпақтың жадында мәңгі қалары сөзсіз.
Жанар Жұмағұлова,
Ы.Алтынсарин атындағы орта мектебінің мұғалімі.
Жанкелдин ауданы.
 Даланың дара ұстазы  Ы.Алтынсариннің ашқан мектебіне 150 жыл толуына орай өткен конференцияда түскен сурет. Алдыңғы қатардың сол жақтан санағанда 3-ші тұрған ғалым Оразхан Аймақов, 5-ші тұрған (Су министрі болған) қоғам қайраткері Нариман Қыпшақбаев және де әр жылдары бітірген Ы.Алтынсарин мектебінің түлектері.
 

You may also like...

2 Responses

  1. Оразхан Аймаков айтты:

    Спасибо автору за статью и Редколлегию газеты "Қостанай таңы".. Я выпускник Каз.СШ им.И.Алтынсарина (п.Торгай) 1958 года. После окончания вуза обратно вернулся свою родную школу и стал учителем химии и биологии. Естественно постоянно проводили химические эксперименты в стенах школы вместе со школьниками старших классов. Это было начало научных поисков в области естественных наук. Когда пришел в1-й класс, который в 1864году открыл И.Алтынсарин,впоследствии я действительно почувствовал особую научную и божественную "ауру" этого старинного строения.И еще казалоь бы хранил себе таины природы. Поэтому, для себя сделал вывод, что по-возможности разгадать таины природы.

    • Дурия айтты:

      Салеметсізбе,Оразхан ата!Мен Совет Копбаев деген кісінін немересімін.Сіз осыны оқып отсаныз өтініш 87472009586 немесе 23472 номеріне хабарласынышы өтініш.Атам сізбен        тілдесемін дейді.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓