Виктория Ганяның өліміне қатысты іс сотта қаралуда
Қостанай облысы бойынша ауданаралық мамандандырылған соты 7 жастағы Виктория Ганяның ұрланғаны және айуандықпен өлтірілгені туралы қылмыстық істі қарап жатыр.

Шолпан Қасымова, Қостанай облысы бойынша ауданаралық мамандандырылған қылмыстық сотының баспасөз хатшысы:
– Тергеу қорытындысы бойынша ол 2011-2014 жылдар аралығында 5 рет ұрлық жасаған.Төрт кісі өліміне қатысы бар. Кәмелетке толмаған екі қыз баланы зорлады және адам ұрлады деп айыпталады. Мұның сыртында Қазақстан Респубикасы Қылмыстық кодексінің 120,121,175 және 96-баптары бойынша айыпты деп танылып отыр.