Елбасының қатысуымен Индустрияландыру күні аясында жалпыұлттық телекөпір өтуде

Астанадағы Тәуелсіздік сарайында Индустрияландыру күні аясында жалпыұлттық телекөпір барысында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен жаңа жобаларды іске қосу басталды.
20141225124930Осы шара барысында елдің индустриялық саясатының алғашқы бесжылдығының нәтижелері алдын ала қорытындылануда. Сонымен қатар Индустрияландыру картасының 15 жаңа жобасы іске қосылып, өңірлердегі бұған дейін пайдалануға берілген өндірістердің қалай жұмыс істеп тұрғандығы көрсетіледі.
Айта кетейік, Үкімет жылына екі рет жарты жылдықтардың қорытындылары бойынша Телекөпір түрінде ҮИИДБ шеңберінде атқарылған жұмыстарға есеп береді. Биылғы жылы индустриялық саясаттың алғашқы бесжылдығы аяқталады. Сондықтан желтоқсандағы Телекөпір тек  Индустрияландыру картасының 2014 жылдың 2-ші жартыжылдығындағы инвестициялық жобаларының  пайдалануға берілген түсаукесерлеріне ғана емес, сонымен қатар, бесжылдықтың алдын ала қорытындыларына да арналған.
Барлығы (15 жобаны есептегенде) 2014 жылы Индустрияландыру картасы бойынша 150 жаңа жоба іске асырылды. Телекөпірден соң Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев президенттік "Алтын сапа" және "Парыз" сыйлықтарының лауреаттарын, сондай-ақ, "Қазақстанның үздік тауары" республикалық көрме-конкурсының дипломанттарын марапаттайды.
Атап айтқанда,  2010-2014 жылдар аралығында 75 мың тұрақты жұмыс орындарын құра отырып, 770 жоба пайдаланылуға енгізілген. Тапсырылған  жобалардың  80 пайызы жоспарлы қуаттылыққа шықты.
Жаңа кәсіпорындар 4 трлн. теңгеге өнім шығарып,  628 млрд. теңгенің өнімін экспорттады.

 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓