“Жас қанат” жаңғыруда

жас канат"Жас қанат 2006" құс фабрикасы жаңғыртудың жаңа кезеңіне көшті.
 Құны 1 млрд. теңгені құрайтын инвестициялық жоба аясында 2016 жылдың соңына дейін еңбекті көп қажет ететін өндіріс бөліктері толықтай автоматтандырылып, жоғары вольтті электр желісі іске қосылады. Мұның барлығы еңбек өнімділігі мен өндіріс қуатын арттырып, қосымша 14-15 адамның жұмыспен қамтылуына септігін тигізбек. Осыдан 7-8 жыл бұрын фабрикадағы 80 мың құстан  жылына 7 млн дана жұмыртқа өндіріліп келсе, жоба жүзеге асырылған соң құстың саны 1,5 млн-ға жеткізіліп, өндіріс қуаты жылына 250 млн. жұмыртқаны құрайтын болады. Қостанай облысының индустрияландыру картасына енген "Жас қанат" ЖШС директоры Қайрат Маишевтың айтуынша, бүгінде "Моноқалаларды дамыту бағдарламасы" аясында несие үстемақысын төмендету үшін 18,87 млн. теңге субсидияға қол жеткізілген. Ендігі кезекте осы бағдарлама арқасында қажетті инфрақұрылымды салу, яғни табиғи газ бен жол жүргізу жоспарда бар, дейді ол.
Қуаныш СЕЙДОЛЛАҰЛЫ.
 
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓