Ауданаралық бөлім басшылары тағайындалды

Үстіміздегі жылдың 6 тамызында Ақордада өткен кеңейтіл-ген мәжілісте ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев жаңадан Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің құрылатыны туралы хабарлаған болатын. Сол себепті, Мемлекеттік қызмет істері және экономикалық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес (қаржы полициясы) агенттіктері таратылған болатын.
53df4bcee903Жаңа агенттіктің ұраны "Біздің міндет – халыққа қызмет", негізгі бағыты – сыбайлас жемқорлық белгілерінің алдын алу. Міндеттері – мемлекеттік органдардың қызметінде мемлекеттік қызмет туралы заңнаманы сақтау, мемлекеттік қызмет көрсету сапасын көтеру және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жасау болып табылады.
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы  іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2014 жылғы 19 желтоқсандағы бұйрығына сәйкес Департаменттің ауданаралық бөлім-дерінің басшылары болып Солтүстік аймағы бойынша Жәнібек Сәрсенгелдин, Рудный аймағы бойынша Владимир Фанякин, Әулиекөл аймағы бойынша Болат Оңайбаев, Арқалық аймағы бойынша Асқар Жаналинов, Батыс аймағы бойынша Мағжан Мұсабаев және Қарабалық аймағы бойынша Ермек Иделбаев  тағайындалды.
2014 жылғы 22 және 23 желтоқсан күні Департамент басшысы Данияр Үсенов ауданара- лық бөлімдердің ұжымдарына Солтүстік және Рудный аймақтары бойынша басшыларды  та-ныстырды.
Жәнібек Қойшынұлы Сәрсенгелдин  1971 жылы Жангелдин ауданында туған, Челябі мемлекеттік университетін  заңтану мамандығы бойынша тәмамдаған.
Владимир Владимирович Фанякин 1981 жылы Қостанай ауданында  туған, қаржы полициясы академиясын құқықтану мамандығы бойынша бітірген.
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓