Мақсат – мал басын көбейту

Арқалық өңіріне жұмыс сапарымен барған Архимед Мұхамбетов Родина елді мекенінде салынып жатқан алып кешеннің бордақылау алаңы және асыл тұқымды мал басын көбейтетін орталығының жұмысымен танысты. Қостанай облысының оңтүстік өңірінде мал шаруашылығының ет бағытын дамыту мықтап қолға алына бастағанын көрсетеді.2020_06_06_img_1424-05-06-20-03-49Кешенде жалпы саны 7,5 мың ірі қара ұстау көзделіп отыр. Құны 3,6 млрд теңге болатын ауқымды жобаның бірінші кезеңі биыл қазан айына дейін аяқталмақ. Ал келесі жылы құрылыс жұмыстары  аяқталып, кешен толықтай іске қосылады.
Сондай-ақ, биыл Арқалықта жаңа элеватор, қоспажем зауыты және диірмен кешені пайдалануға беріледі. Жобаның жалпы құны – 2,5 млрд теңге. Мұндағы құрылыс жұмыстары барысында  80 жаңа жұмыс орны ашылған.  Ал құрылыс аяқталып, нысандар іске қосылса,  45 адамға арналған тұрақты жұмыс орны пайда болмақ.
Аймақ басшысы аталған нысандарды аралап көріп, құрылыс жұмыстарының барысымен танысты. Сонымен қатар, облыс әкімі өңірдегі ауыл шаруашылығы тауарларын өндіретін кәсіпорын басшыларымен кездесті.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓