ТЖД қызметкерлері интерактивтік сабақ өткізді
Қостанай облысының Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері Қостанай қаласындағы №19 орта мектебінің 8 сынып оқушыларының қатысуымен "Адамдарды жаппай көп жиналатын орындарда лаңкестік акті туындау қаупі төнген және жасалған кезде оқушылардың іс-қимылы" тақырыбына интерактивтік сабақ өткізді.
Лаңкестікке қарсы орталығының қызметкері жиналған балаларға қауіпсіз жүріс-тұрыс, жарылғыш заттардың түрлері туралы айтып берді, бірінші кезектегі шаралар және лаңкестікті жою саласындағы орталықтың іс-әрекетімен таныстырды, сондай-ақ халықаралық лаңкестік және оның нысандары, қылмыстық жауапкершілік және жасырын шақыру үшін салынатын айыппұлдармен таныстырып өтті.
Оқушылар тақырыпты талқылап, "Жарылғыш құрылғыға ұқсайтын күдікті заттарды тауып алған кезінде іс-қимыл жасау", "Тұтқын ретінде жапқан кезінде іс-қимылдар жасау" атты жобалап жасалған жадынамалар құрастырды. Интерактивтік тақтада лаңкестілікке қарсы орталығының лаңкестікпен күресу жөніндегі жұмысы туралы фильм көрсетілді. Онлайн режиміндегі байланысқа Қостанай облысының 30 мектебі қатысты.